Спорт-бейбітшілік елшісі

2022 жылдың 24 қараша күні «Қазақстан» мәжіліс залында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 85 жылдық мерей тойына орай «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің ұйымдастыруымен «Спорт-бейбітшілік елшісі» атты мерекелік іс-шара болып өтті.

Қазіргі таңда университетімізде 12 Әлем чемпионы оқып жатыр. Университетіміздің өркендеп дамуына спорт саласында қосқан үлестері және Әлем чемпионатында Көк байрағымызды көкке көтеріп, Әнұранымыздың үнін асқақтатқаны үшін Әлем чемпиондары: Ауесбек Медет Оналбекұлы, Қалдарбек Нұрхат Қалижанұлы, Айтбек Бекет Жарқынұлы, Роман Данияр Арманұлы, Ақтай Бекқуат Қожакелдіұлы, Зиядулла Мақпал Отанқызы, Құлажан Олжас Дінмұхамедұлы, Қалыбек Дастан Нұржанұлы, Әлемнің 2 дүркін чемпиондары: Абен Меруерт Алдабергенқызы, Мүтәліп Шерім Мәдиұлы, Ахметов Қуандық Ермаханұлы және Әлемнің 4 дүркін чемпионы Ерсайын Мейрамбек Ерғазыұлы Алғыс хатпен марапатталды. Әлем чемпиондарының Үлкен спорттағы әр қадамы – жастар үшін үлгі-өнеге, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Әлем чемпиондарына зор денсаулық, оқуда және спортта толағай табыс тілейміз!