"Өрлеу" маманы ақпараттық сағат өткізді

 

«Қысқы мектеп» жобасы аясында "Өрлеу" БАҰО" АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ, Кітапхана ісі бойынша бас маманы Замира Сейтқазиева арнайы ақпараттық сағат өткізді. «Болашақ педагог мамандарды жаңа форматта даярлаудың бағыттары» оқыту семинарындағы сабақ тақырыбы «Digital замандағы білім алушылардың ақпараттық және медиа сауаттылығына» арналды.

Замира Саттарқызы медиа және ақпараттық сауаттылық (МАС) ұғымына, МАС экожүйесі мен оның бес қағидасына тоқталып, ақпаратты этика туралы түсіндірді. Сондай-ақ, «Google Академияның мүмкіндіктері» тақырыбында практикалық жұмыстар жүргізіп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Өрлеу» БАҰО сайттарымен, Қазақстандық электрондық мемлекеттік кітапханасы және Kitap.kz ашық кітапханасының ақпаратты іздестірудегі мүмкіндіктерімен таныстырды.