ТМД-ның ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ — ОҚПУ-да!

 

«Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі Тәуелсіз мемлекеттер достастығы арасында «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР - 2023» атты халықаралық ғылыми жоба ұйымдастырды.

Аталмыш жобаға Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті «Шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі Анар Ділдәбекова, п.ғ.к., доцент м.а. Лаура Қарабаева, аға оқытушылар Фазила Артықбаева мен Ғалия Сұлтанова қатысты. Оқытушылар бұл жобаға «Ағылшын тілі сабағындағы оқу және сөйлеу әрекетінің теориялық негіздері», «Ағылшын тілін үйрену үшін ESL интерактивті веб-сайттарын пайдалану», тағы басқа тақырыптарда мақалаларын ұсынған болатын.

Нәтижесінде оқу орнының ұстаздары жүлделі 1 орынға ие болып, ғылымға қосқан үлестері үшін 1 дәрежелі дипломмен және «Үздік ғылыми қызметкер- 2023» куәлік, төсбелгілерімен марапатталды!