Практикалық база және еңбекпен қамту

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ПРАКТИКАСЫ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
2023 жылы 24 қарашала Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 6В01901-Арнайы педагогика (Логопед)  білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушылармен болашақта жұмысқа орналастыру мақсатында ықтимал жұмыс берушілермен кездесулер ұйымдастырылды. Әсіресе, № 1 ППТК,  №3 ППТК мекемелер тарапынан қызығушылықтары жоғары болды.

               

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              2023 жылғы 10 ақпанда психологиялық-педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференциясы өтті. Конференцияға 6В01201-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы,  6В01901-Арнайы педагогика (Логопед) білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттері, практикаға жауапты, оқытушы А.Б.Аширбаева және практика жетекшілері А.А.Султанбекова, А.С.Омар, А.Б.Сақұловалар қатысты.
Психологиялық-педагогикалық практика барысында білім алушылар   психолог қызметінің ғылыми негіздерімен және білім беру жүйесінде қызмет атқаратын психолог жұмыстарының ерекшеліктерімен танысты. Бекітілген топқа  психологиялық зерттеу жұмысын жасап, балаларға мінездемелер жазып, білім беру мекемесінде заманауи АКТ психологиялық-педагогикалық негіздерін, смарт технологияларды, оқыту стратегияларын (сыни тұрғыдан ойлау, функционалдық сауаттылықты дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі жетілдіру, критериалды бағалау) қолдана білуді үйренді.

ОҚУ ПРАКТИКАСЫ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
2023 жылғы 10 ақпанда оқу практикасы бойынша қорытынды конференциясы өтті. Конференцияға 6В01201-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы, 6В01901-Арнайы педагогика (Логопед) білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері, практикаға жауапты, оқытушы А.Б.Аширбаева және практика жетекшілері Ф.А.Аймурзаев, Г.Н.Амирхановалар қатысты.
Оқу практика барысында білім беру бағдарламаларының ерекшеліктеріне байланысты мекемелердің нормативтік құқықтық актілер мен үлгілі оқу бағдарламасының мазмұнымен танысты. Сонымен бірге білім алушылар бөбекжай-балабақшалары мен арнайы білім беру мекемелерінің жұмыстарының негізгі бағыттарымен танысты. Студенттер үшін бұл практика болашақ кәсіби іс-әрекетке үздіксіз кәсіптік практикалық дайындықтың алғашқы кезеңдерінің бірі болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті магистранттарының арасында ұйымдастырылған іріктеу жеңімпаздары,  7М01901-Арнайы педагогика білім беру бағдарламасының 2-курс магистраттары Орынбаева Әсел, Газрати Самая 2023 жылғы 06-19 ақпан аралығында  Гази университетінде (Түркия) ғылыми тағлымдамадан өтуде.

КӘСІПТІК ПРАКТИКАНЫҢ ОРНЫҚТЫРУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ ​

2023 жылғы 30 қаңтарда 6В01201 - Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы және 6В01901 – Арнайы педагогика (Логопед) білім беру бағдарламалары бойынша 1-4 курстарының оқу, психологиялық-педагогикалық және педагогикалық практика бойынша орнықтыру​ конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияны факультет деканы Таутаева Гүлдариға Батыршақызы ашып, білім алуышларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Конференция барысында студенттер оқу, психологиялық-педагогикалық және педагогикалық практикалардың ерекшеліктері, бағдарламасы, жұмыс-жоспар кестесімен танысып, практика күнделігі мен есептік құжаттардың маңыздылығын түсінді. Студенттерімізге кәсіби құзыреттіліктерін шыңдауға сәттілік тілейміз!

                                           

6В01201- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы

6В01901-Арнайы педагогика  ( Логопед)

6B01901 Арнайы педагогика (Логопед) білім беру бағдарламасы бойынша оқу практикасының қорытынды конференциясы

 6В01201-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы мен 6В01901- Арнайы педагогика (Логопед) білім беру бағдарламалары бойынша психологиялық-педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы

6В01201- Мектепке дейінгі  тәрбиелеу және оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасы бойынша оқу практикасының қорытынды конференциясы

 

10.12.2021 күні ОҚМПУ- нің  Арнайы педагогика мамандығының студенттеріне  "Асыл мирас" Аутизм центр орталығының қызметкерлері " Аутизм " тақырыбында  конференция өткізді.