Кафедра меңгерушісі және эдвайзерлер

 

БУЛЕТОВА ЛЯЗЗАТ АЛПЫСБАЕВНА

кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., аға оқытушы

эл. мекен-жай: buletova05@mail.ru 

 

1996 жылы 1-ші қыркүйектен бастап, Жамбыл қаласындағы Жамбыл университетінің «Жалпы педагогика» кафедрасына оқытушы-тәжірибе жинақтаушы қызметіне жұмысқа тұрды. 1997 жылы жоғарыда аталған кафедраның оқытушы қызметіне ауысты.

2002 жылы отбасы жағдайына байланысты, Шымкент қаласындағы М.Әуезов  атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасына аға оқытушы қызметіне ауысты.

2004 жылы 16-шы маусымда, педагогика ғылымдарының докторы, профессор О.С.Сәлімбаевтың ғылыми жетекшілігімен, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «13.00.01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика» кандидаттық диссертациялық кеңесінде, «Болашақ мұғалімдерді қазақ халқының салт-дәстүрлерін мектептің оқу-тәрбие үрдісіне пайдалануға дайындау» тақырыбында, кандидаттық диссертациялық ғылыми жұмысын қорғады. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Жоғарғы аттестациялық комитетінің 2004 жылғы 22-ші қазандағы шешімімен (№12 хаттама), маған педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

2013 жылдың 26 мамыр айында, Бішкек қаласында, «Теоретические основы подготовки будущих учителей обычаями и традициями казахского народа» ғылыми тақырыбында, 13.00.01 - «Жалпы педагогика, білім беру және педагогика тарихы»  мамандығы бойынша докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

 2015 жылдың маусым айынан бастап, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Педагогика және мәдениет» факультетінің «Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.

2016 жылдың сәуір айында, «Жалпы педагогика және музыкалық білім» кафедрасына, кафедра меңгерушісі болып тағайындалды.

2016 жылы 5-ші желтоқсанда «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін» Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі А.Амриннің марапаттауымен құрмет грамотасы берілді.

2017 жылы 18 қыркүйек айында, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» ОҚО облыстық ұйымының төрағасы З.Маханованың марапттауымен кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау және білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін,  «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісімен марапатталды.

2019 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 75-жылдық мерей тойының төс белгісімен марапатталды.

2020 жылы Шымкент университетінің «5В010300 - Педагогика және психология» мамандығын бітірді.

2020 жылы «Заманауи педагогика және психология» кафедра меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

2023 жылдың мамыр айынан бастап, «Заманауи педагогика және психология» кафедраның аға оқытушы қызметін атқарды.

2023 жылдың қыркүйек айының 13-нен бастап, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Педагогика» кафедрасында, педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы қызметін атқарды.

2023 оқу жылы 20-шы желтоқсаннан бастап, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Ғылыми ізденістің арқасында, 70-тен аса ғылыми еңбектері жарияланды.

 

АБДРАМАНОВА НҰРСҰЛУ ШЕРМАХАНБЕТҚЫЗЫ

             магистр, аға оқытушы, эдвайзер

                   эл. мекен-жай: nursulu_-_85@mail.ru