Профессор-оқытушылардың жетістіктері

 

Университетімізде ғылым қызметкерлері күніне арналған ғылым апталығының жабылу салтанататында ғылым саласында жетістікке жеткен ұстаздарымыз бен  “Жәнібеков оқулары-1” Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда үздік баяндама жасаған білім алушылар мен олардың жетекшілері марапатталды.  п.ғ.д., профессор Роза Шаймарданқызы Сыдыкова Ғылым және жоғары білім министрлігінің "АЛҒЫСЫН", п.ғ.к., аға оқытушы Гүлнар Есенқызы Кужагулова Үздік баяндама жасағаны үшін және үздік ғылыми жұмысқа жетекшілігі үшін І дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Марапат иелерін құттықтаймыз!

 

2024 жылдың  8 сәуір күні Қазығұрт ауданы, Қызылдала жалпы білім беретін мектебінде Қазығұрт ауданының білім басқармасына қарасты жалпы білім беретін мектептердің қатысуымен "Менің мамандығым, менің болашағым" атты іс-шара өтті. Іс-шараға Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Маркетинг департаментінің директоры Қылышбаев Арман, Өнер және білім факультетінің  деканы А. Байбатшаева, декан орынбасары Қасмырзаев Бекмырза, Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі Буркитбаев Талгат Сагындыкович, кәсіби бағдар бойынша факультет жауаптысы Дюсебаев Сәбит Байсейтович  пен “Музыкалық білім”кафедрасының оқытушысы  Байбатырова Ұлтуған Амангелдіқызы, Ж. Аймауытұлы колледжінің әдіскері Гүлназ Кенжебаева қатысып, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізіп, толық таныстыру жұмыстары бойынша мәліметтер берді.


Бүгін университетіміздің жанынан Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы колледждің ашылу салтанаты өтті. Колледждің ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С.А.Құранбек, қаламыздағы колледж директорлары және басқа да қонақтар қатысты. 
Салтанатты шарада университеттің «Өнер және білім» факультетінің өнерпаздары: Таубеков Жансейіт, Рахымбертай Мәди, Абдімалік Саят  Жүсіпбек Аймауытұлының «Алаш ұраны», «Алаш маршы» әндерін орындады.

 

 

 

Университетіміздің Тұмар ғимаратында 1403-13к. тобының ұйымдастыруымен “Қызды оң босағаға шығару -Салт-дәстүр тәрбие негізі” атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты-халқымыздың салт-дәстүрі арқылы қыздарға сұлулық пен әсемдікті өз бойынан тауып қана қоймай, қоршаған ортасына өз келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, мәнері, түр-сипаты, өз-өзін ұстауы арқылы қазақ қыздарына тән ерекше қасиеттерді таныту. 
Іс-шараны өткізуге ұзақ жылдар шығармашылық байланыстағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мәдениет және өнер” факультеті, “ Мәдени-тынығу  және сахналық қызмет” кафедрасының аға оқытушылары, ұлтымыздың әдет-ғұрып пен салт-дәстүрін насихаттаушы, бұқаралық мәдени іс-шара ұйымдастырушы-режиссерлар Жұмабай Ләйлә Жұмабекқызы мен Ормолдаева Майра Әптөреқызы атсалысты.
Қойылымның әсерлі өтуін күймен көмкеріп, әнмен әрлеген, безендіру жұмыстарын атқарған білім алушылар: Жылқайдар Думан, Абдімалік Саят, Тастанбек Арслан, Құрмантаев Мәди, Тажигалиев Парахат, Кенебаев Сұлтанмахмуд, Жақсылықов Мейірбек, Анарбаева Балғынай.
Қонақтар: академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында университетімізге келген Чехияның Оломоуц қаласы, Палацк университетінің білім алушылары керемет әсерде қалып, ыстық ықыластарын білдірді.

 

 

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Халықаралық әйелдер күні аталып өтті.
Басқарма төрағасы-Ректордың у.м.а. Г.Д.Сугирбаеваның алғыс хатымен кафедрамыздың аға оқытушысы, ҚР мәдениет қайраткері Марина Күмісбекқызы Лес марапатталды. Концерттік іс-шарада кафедра оқытушыларынан құралған аспаптық квинтет және студенттік хор (жетекшісі аға оқытушы Ж.А.Сакибекова) өнер көрсетті.Әріптестерімізге алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!

Университетіміздің «Тұмар» ғимаратында "Филология" және "Өнер және білім" факультеттері студенттерінің дене шынықтыру сабақтарына арналған жабық спорт кешені ашылды. Салтанатты іс-шараға қоғам қайраткерлері, танымал спорт шеберлері, университет әкімшілігі, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты. Қонақтарымыз құттықтау сөздерінде бұл кешен болашақ палуандар мен танымал спортшылардың негізін қалайтын орынға айналады деген сенім білдірді.

2023-2024 оқу жылында кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша “Музыкалық білім” кафедрасының ОПҚұрамы жұмыс жүргізуде. Аға оқытушысы А.Турдалиев Шымкент қаласы білім басқармасының Х.Әлімжан атындағы 85 жалпы орта білім беретін мектептің 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, 6В01403-Музыка мұғалімін даярлау мамандығы бойынша толық бағыт-бағдар беріп, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан  педагогикалық университетіне оқуға шақырды. Кездесу барысында оқушылар өздерінің сұрақтарына кәсіби тұрғыдан жауап алды.

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде
«Қысқы мектеп» жобасы аясында  
«Болашақ педагог мамандарды жаңа форматта даярлаудың бағыттары» тақырыбында  оқыту семинары өтті. Семинардың мақсаты педагог мамандарды даярлауда оқытушының жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалыптастыруға және шығармашылық тұрғыдан дамып,  кәсіби шыңдалуына негіз болу.

 

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сыдыкова Роза Шаймарданқызының ұйымдастыруымен “Қазақстандағы музыкалық білімнің дамуындағы заманауи мәселелер” тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Семинарға Музыкалық білім кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, Абай атындағы ҚҰПУ Музыкалық білім кафедрасының доценті, п.ғ.к. Какимова Лаура Шариповна (онлайн) және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Орындаушылық өнер кафедрасының профессор м.а. Тобагабылова Айжан Жунусовна (онлайн) қатысты. Семинар барысында Музыкалық білімді дамытудағы өзекті мәселелер талқыланды.
 

 

30 қараша 2023 ж. Музыкалық білім кафедрасының аға оқытушылары: ҚР мәдениет қайраткері Лес Марина Күмісбекқызы мен ҚР мәдениет саласының үздігі Карсыбаева Айман Мусаевна Шымкент қаласы білім басқармасының “Қосымша білім беру оқу салалық орталығы” КММ ұйымдастыруымен өткен “ Екі жұлдыз” өнер фестиваль-байқауына қазылар алқасы құрамында болды.

 

 

 

“Музыкалық білім” кафедрасында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сыдыкова Роза Шаймарданқызының ұйымдастыруымен Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған  “Таңдайына бұлбұл ұялаған..." атты мәдени іс-шара өтті.

 

 

2023 жылдың 3-і қараша күні Республикалық "АҚБЕРЕН" өнер байқауына Шымкент қаласы бойынша іріктеу кезеңі өтті.

"Музыкалық білім" кафедрасының аға оқытушылары Жомартова Ғ.Р., Сакибекова Ж.А., Дюсебаев С.Б. әділ қазылар мүшесі ретінде шақырылып, Республикалық байқауға лайықты өнерпаздарды іріктеп, марапаттады. 

 

 

 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамына "Музыкалық  білім беруде теориялық әдістер негіздері" атты семинар өткізді. Кафедра оқытушылары Гүлшах Север ханыммен бірлесе жасалған жұмыстарының, өткізген жеке сабақтарының нәтижесі ретінде шағын есеп-концерт ұйымдастырды. 

 

 

 

 

 

Кафедра оқытушылары қонақты қаламыздың мәдени ошақтарына (салт-дәстүр мұражайы. Отырар кітапханасы, Цирк оркестрі, қолөнер шеберханасы, музыкалық дүкендер) саяхат жасатып, қасиетті Түркістан қаласына апарып, Ясауи кесенесімен таныстырды. Халықаралық қазақ-түрік университетінің "Музыкалық білім" кафедрасының жұмысымен, университет кітапханасы мен мұражайыларын көрсетіп, оқу залымен таныстырды. 

 

 

 

 

 

Университетіміздің тыныс-тіршілігімен, оқу-үрдісімен, факультет студенттерінің жетістіктерімен танысып, кафедра оқытушыларының жеке сабақтарына, ұжымдық шығармашылық топтардың дайындықтарына қатысты. Өзі қызмет ететін университеттің білім беру жүйесі туралы, ерекшеліктері туралы салыстырмалы түрде ақпарат беріп, біздің оқу орнымыздан алған әсерімен бөлісті.

 

 

 

 

 

 

2023-2024 оқу жылының 16-шы қазанынан бастап "Музыкалық білім" кафедрасының ERASMUS+ бағдарламасы бойынша Гази университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD  Гүлшах Север "Судзики әдісі бойынша топтық жұмыс жасау" тақырыбында дәріс өтті.

 

 

Возможно, это изображение 1 человек и стоит

"Музыкалық білім" кафедрасының аға-оқытушысы Үралхан Сейілбекова Шымкент қалалық маслихатының депутаты болып сайланды! Әріптесімізге сәттілік тілейміз!

 

 

"Музыкалық білім" кафедрасының магистр, аға-оқытушысы Жадыра Ораққызы Ахметованы 8-Наурыз Халықаралық Әйелдер күнімен ОҚМПУ-ің Басқарма төрағасы-Ректор Г.Д.Сугирбаева "АЛҒЫС ХАТ"-пен марапатталды.

 

 

 

Байбатырова Ұлтуған Амангелдіқызы Шымкент қаласы №137 жалпы орта білім беретін мектепте 2023 жылдың 30 қаңтар -10 ақпан аралығында  ОҚМПУ-і "Музыкалық білім" кафедрасының 1403-11 оқу тобының студенттерінің психологиялық-педагогикалық практикадан өту барысында, олардың теориялық білімдерінің тереңдігін көрсеткені үшін "АЛҒЫС ХАТПЕН" марапатталды. 

 

 

 

09.01.-13.01.2023жж. "Педагогикалық жоғары оқу орындарында әзірленген білім беру бағдарламаларын масштабтау мақсатында оқытушылардың біліктілігін арттыру"- атты ОҚМПУ-де оқытушыларға арналған семинар өтті. "Музыкалық білім" кафедрасынан А.Т.Досбағанбетова, Ш.С.Арыстанова, С.К.Дюсебаев, А.М.Қарсыбаева, А.А.Балабековалар қатысты.

 

Досбағанбетова Алена Торебековна "Корпоративтік мәдениет. Біріңғай құндылықтар. Бірыңғай рух. Командадағы әр ойыншының рөлін анықтау" атты тақырыбында қызметкердің біліктілігін арттыру курсынан өтті. Нұр-Сұлтан қ. 2022ж.

 

"Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін" белгісімен "Музыкалық білім" кафедрасының магистр аға-оқытушысы А.М.Қарсыбаева марапатталады.

 

 

"Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін" белгісімен "Музыкалық білім" кафедрасының магистр аға-оқытушысы А.А.Балабекова марапатталады.

 

ҚР Ғылым және Жоғары Білім министрі С.Нұрбек "Музыкалық білім" кафедрасының меңгерушісі, доцент м.а. А.Т.Досбағанбетованы ҚР Тәуелсіздік күніне орай және еліміздің білім және ғылым саласында абыройлы еңбек еткені үшін "Құрмет грамотасымен" марапатталды.

 

"Музыкалық білім" кафедрасының аға оқытушысы Гүлдана Есболтаевна Пернебекованы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің  85- жылдық мерейтойымен Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов "Алғыс хатпен" марапаттады.

 

 ОҚМПУ Басқарма төрағасы, Ректор Г.Д.Сүгірбаева оқу ордамыздың 85-жылдық  мерейлі мерекесімен "Музыкалық білім" кафедрасының магистр аға-оқытушысы М.С.Смаилованы "АЛҒЫС ХАТ"-пен марапаттады.

 

 ОҚМПУ Басқарма төрағасы, Ректор Г.Д.Сүгірбаева оқу ордамыздың 85-жылдық  мерейлі мерекесімен "Музыкалық білім" кафедрасының магистр аға-оқытушысы С.З.Байбатшаеваны "АЛҒЫС ХАТ"-пен марапаттады.

 

 ОҚМПУ Басқарма төрағасы, Ректор Г.Д.Сүгірбаева оқу ордамыздың 85-жылдық  мерейлі мерекесімен "Музыкалық білім" кафедрасының магистр аға-оқытушысы Ж.А.Сакибекованы "АЛҒЫС ХАТ"-пен марапаттады.

 

 Оқу ордамыздың 85-жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шараға "Музыкалық білім" кафедрасының студенттерінен құралған "Домбырашылар" ансамблі.

 

"Музыкалық білім" кафедрасының студенттерінен құралған "Хор" ұжымы, жетекшісі  ҚР "Мәдениет саласының үздігі" Ж.А.Сакибекова.

1403-11к тобының Хор ансамбілі «Тәуелсіздік –Тәңірден келген тәтті сый» атты республикалық балалар байқауында «Вокал» аталымы бойынша Бас жүлде алды. Жетекшісі аға оқытушы Пернебекова Гулдана Есбалтаевна. Шымкент қаласы 2022ж.

 

ҚР кезектен тыс сайлауының жұмысына белсене еңбек еткені үшін "Музыкалық білім" кафедрасының аға-оқытушысы Сырайлова Роза Түймебайқызын "АЛҒЫС ХАТ" - пен Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Ерлан Қошанов марапаттады.

 

 Дюсебаев Сабит 14.11.2022-25.11.2022 жылы  "Modern pedagogical technologies in teaching of music education in the higher educational institutions" тақырыбында біліктілігінен өтті.

 

"Музыкалық білім" кафедрасының магистр аға-оқытушысы Байбатырова Ұлтуған Амангелдіқызына ҚР Президентін сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына белсенді елеулі үлес қосқаны үшін ҚР Президентінің "АЛҒЫС ХАТЫ"-н марапатталды.

 

 

ҚР оқу-ағарту министрлігі білім мазмұнын сараптау ортылығы, "Музыкалық білім" кафедрасының оқытушысы Гульсара Джалгасбаевна Джоламановаға білім беру саласын дамытудағы мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендеріне сараптама жүргізуге қатысқаны үшін "АЛҒЫС ХАТ"-пен марапатталды. Астана, желтоқсан, 2022ж.

 

 

 

"Музыкалық білім" кафедрасының меңгерушісі, доцент м.а. А.Т.Досбағанбетова "ДАРЫНДЫ ҰСТАЗ" төсбелгісімен марапатталды. қараша, Алматы. 2022ж.

 

"Музыкалық білім" кафедрасының аға оқытушысы Гүлдана Есболтаевна Пернебекова "ҮЗДІК ҰСТАЗ" төсбелгісімен марапатталды, қараша, Алматы-2022ж.

 

 

09.11.2022ж. ОҚМПУ- ға 85 жыл толуына орай  "Музыкалық білім"нің студенттері  «Ұстаз һәм шәкірт» атты концертте өнерлерін паш етті.

Өнер сүйер қауым кеңінен жиналған мәдени іс-шарада ҚР Мәдениет саласының үздігі Айман Қарсыбаева жетекшілік ететін «Қазығұрт» фольклорлық ансамбілінің сүйемелдеуімен танымал музыкалық композициялар мен күйлер орындалды.

 

 

 

"Музыкалық білім" кафедрасының аға оқытушысы Сырайлова Роза Түймебаевна  "АМАНАТ" партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Б.Тәжібаева "АЛҒЫС ХАТпен" марапатталды.

 

"Музыкалық білім" кафедрасының аға-оқытушысы Роза Сырайлованы Шымкент қаласының Білім Басқарма басшысы Ж.Тажиева "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ"-мен марапаттады. 

 

"Ұстаздар күні"-не орай ОҚМПУ-ң ректоры Гульжан Даулетбекқызы Сугирбаева "Музыкалық білім" кафедрасының аға-оқытушысы Сабит Байсейітұлы Дюсебаевты "АЛҒЫС ХАТ" -н марапаттады.

 

«Музыкалық білім» кафедрасының ҚР Мәдениет саласының үздігі Шолпан Сабитқызы Арыстанова  1-қыркүйек  «Білім күні»-не орай ОҚМПУ-ң ректоры Гульжан   Даулетбекқызы Сугирбаева «АЛҒЫС ХАТ»-пен марапаттады.

 

Ұлбосын Қарынбекқызы Тәжібаева Шымкент қаласының "Құрметті азаматы" төсбегісін алды.

 

 

 

"Музыкалық білім" кафедрасының ардагер аға оқытушысы, "Құрмет ордерінің" иегері,  "ҚР Мәдениет қайтаркері" Ұлбосын Қарқынбекқызы Тәжібаева 19.06.2022ж. Шымкент қаласының "Құрметті азаматы" атағын алды. 

 

Смаилова Мая Сапабекқызына ҚР Мәденит және спорт министрлігі, "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды.  Нұр-Сұлтан қ. 16.05.2022ж.

 

 

Байбатшаева Сауле Зиябекқызына ҚР Мәденит және спорт министрлігі, "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды.  Нұр-Сұлтан қ. 16.05.2022ж.

 

"Өнер және білім" факультетінің деканы А.Е.Байбатшаева және "Музыкалық білім" кафедрасының 2021-2022 оқу жылының бітіруші студенттерімен бірге.

 

"Музыкалық білім" кафедрасының  меңгерушісі А.Т.Досбағанбетова, 106-18 тобының тәлімгері А.С.Байғонова бітіруші студенттермен.

 

"Жұмыс берушілер форумы" бойынша бүгін 20.05.2022ж. ОҚМПУ-ң бітіруші түлектеріне арналған "Бос орындар жәрменкесі - 2022" -атты іс-шара өтілді.

 

 

"АТАМҰРА" баспасының директоры Г.Н.Жарылғасимова "Музыкалық білім" кафедрасының өнертану ғылымдарының кандитаты, аға оқытушысы Гульсара Джалгасбаевна Джоламанованы "2" - сынып оқушылары үшін орта білім берудің жаңартылған мазмұнының оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін басып шығаруға дайындық жөніндегі жұмыс тобының құрамындағы жоғары кәсібилігі мен жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс хатпен марапаттады.

 

ҚР Білім және ғылым министрлігі республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының жетекшілігімен 2022 жылғы 03-14 мамыр аларығында оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді басып шығаруға дайындауды үйлестіру жөніндегі жұмыс тобына қатысқаны үшін "АЛҒЫС ХАТ" алды.

 

І - Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған "Түркістан сазы" атты өнер байқауында жас жеткіншектерді шығармашылық деңгейде дамытудағы жоғары кәсібилігі үшін және "Үздік ұстаз" дипломын "Музыкалық білім" кафедрасының магистр аға-оқытушысы Ахметова Жадыра Орахқызына берілді.

 

 

Түркістан облысы мәслихатының депутаты К.Кадырбек "Музыкалық білім" кафедрасының магистр аға-оқытушысы Ж.О.Ахметованы облыс мәслихатының "Алғыс хатымен" марапаттады.

 

 

24.12.2021ж. ОҚМПУ "Өнер  және білім" факультеті, "Музыкалық білім" кафедрасының білім алушыларына осы оқу ордамыздың түлегі, қазіргі таңда Түркия мемлекеттік Малтепе университеті консерваториясының оқытушысы Ерлан Жандарбай "Академиялық ән айту" атты тақырыбында мастер-класс өткізді. Ерлан Жандарбай студенттерге практикалық тұрғыда білімді шыңдауға бағытталған құнды тәжірибелермен бөлісті.

 

 

Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығы, Университеттің 85-жылдығы және "Қазығұрт" фольклорлық ансамбілінің 25-жылдығына орай 22.12.2021ж. "Жаңғырған Қазығұрт" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. "Қазығұрт" ансамбілінің алғашқы ұйымдастырушысы Ұлбосын Қарынбекқызына университеттің "Құрметті профессоры" атағы берілді. Концертте оқу ордамыздың "Музыкалық білім" мамандығының түлектері әнші А.Жорабаева, опера әншісі Ерлан Жандарбай, Жазира Тұрсынбекова, Болат Әжібаев та өнер көрсетті., Концерт қонағы Түркістан облысы мәслихатының депутаты К.Кадырбек "Музыкалық білім" кафедрасының меңгерушісі А.Т.Досбағанбетоваға, магистр аға-оқытушылары А.Қарсыбаева, С.З.Байбатшаева, М.С.Смаилова, Ж.О.Ахметоваларға облыс мәслихатының "Алғыс хатымен" марапаттады.

 

ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерекесіне орай "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына 80-жыл" мерейтойлық төсбелгісімен кафедрамыздың аға оқытушысы А.Тұрдалиевті оқу ордамыздың ректоры Г.Сүгірбаева марапатталды.

 

Қазақстан Республикасы БҒМРҒП білім мазмұнын сараптау орталығында оқу-әдістемелік кешендерге сараптама жүргізуде жоғары кәсібилік пен белсенділік танытқаны үшін "Музыкалық білім" кафедрасының өнертану ғылымының кандидаты, аға оқытушысы Джоламанова Гүлсара Джалгасбаевнаға "АЛҒЫС ХАТ" берілді. Нұр-Сұлтан қаласы 02-12 желтоқсан 2021ж.

 

"Музыкалық білім" кафедрасының магистр, аға-оқытушысы Байғонова Айжан Сайлаубекқызы "Рухани жаңғыру" ақпараттық -сараптамалық орталығы және "тағылым" республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған "Үздік педагогикалық мақалалар" атты республикалық конкурсының "Үздік мақала" номинациясы бойынша І-орын алды.

 

 

 

 

 

 

 

19.11.2021.ж ОҚМПУ-ң бас ғимаратында ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығы мен мемлекеттік және қоғам қайраткері, этнограф, ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың 90-жылдық мерейтойына арналған "Тәуелсіздік - мәңгілік ел тұғыры" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда "Музыкалық білім" кафедрасының "Қазығұрт" фольклорлық ансамбілі және ҚР "Мәдениет саласының үздіктері" Қарсыбаева Айман, Абилдаева Айнұр, 1-курс студенттері Сыпабеков Қанат, Жақсылықов Мейірбек атсалысып, өз өнерлерін көрсетті.

 

 

 

"Балдәурен" шығармашылық орталығының орталығының ұйымдастыруымен  өткен  "Ұлы дала мұрасы" атты байқауға  шәкірт дайындағаныңыз үшін "Музыкалық білім" кафедрасының магистр аға-оқытушысы Жадыра Ораққызы Ахметова "АЛҒЫС ХАТ" пен марапатталды. Тараз қ., 2021ж.

 

 

 

Музыкалық білім кафедрасының 1403-11қ тобының студенті Ибраим Мұрат Шыңдәліұлы "Ұлы дала мұрасы" атты республикалық балалар мен жасөспірімдер және ересектер арасында өткізілген шығармашылық байқауда "Аспапта ойнау" номинациясы бойынша "Бас жүлде" иеленді, жетекшісі магистр аға-оқытушысы Ж.О.Ахметова "Үздік жетекші" дипломымен марапатталды.

 

 

09.11.2021ж. "Өнер және білім" факультеті, "Музыкалық білім" кафедрасының 1-курс студенттеріне арналған "Студенттік Арнау" атты мерекелік іс-шара жүргізілді.

29.10.2021ж. "Өнер және білім" факультеті, "Музыкалық білім"кафедрасының ұйымдастыруымен 2021-2022 оқу жылында бітіретін мектеп оқушыларына арнап "Ашық есік күні" өтілді және жүргізілген іс-шарадан үзінді.

 

 

2021 жылғы НААР рейтингісіне қатысушы ЖОО арасында 6В01403-Музыка мұғалімін даярлау бакалавриат білім беру бағдарламалары тобы бойынша ІІІ-орын, 7М01403-Музыкалық білім педагогін даярлау магистратура білім беру бағдарламалары тобы бойынша І-орын алғаны үшін кафедра меңгерушісі Досбағанбетова Алена Төребековна "Алғыс хат"-пен марапатталды.

 

 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, 7М006 - "Музыка педагогтерін мұғалімін даярлау" магистратура беру бағдарламаларының 2021 жылғы НААР рейтингісіне қатысушы жоғары оқу орындарының  арасында І-орын иеленді және    "СЕРТИФИКАТ" берілді.Нұр-Сұлтан қаласы 2021ж.

 

"Өнер және білім" факультеті, Музыкалық білім кафедрасының 1403-10 топ студенті А.Қ.Махмудов  Халықаралық өнер байқауына белсенді қатысып, "АСПАПТА ОЙНАУ" номинациясы бойынша І-ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен  және жетекшісі кафедра меңгерушісі А.Т.Досбағанбетованы "ҮЗДІК ЖЕТЕКШІСІ" құрмет грамотасымен марапатталды. Нұр-Сұлтан қаласы, 2021ж. 

 

Досбағанбетова Алена Төребекқызы Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА "Алтынсарин курстарының" сессия бағдарламасы бойынша ҚР ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруда "Білім берудегі Менеджмент" курсын 72 сағат көлемінде бітіріп, Сертификат берілді.

 

Оқу ордамыздың факультетаралық "ЫНТА" әншілер онлайн-байқауында әділ қазылық жасап, белсенділік танытқаны үшін Досбағанбетова Алена Төребекқызы "АЛҒЫС ХАТ" пен марапатталды. Шымкент, 2020жж.

 

Арыстанова Шолпан Сабитқызы Республикалық ән байқауында шәкірттер әзірлегені үшін осы "Алғыс хатпен" марапатталды. Алматы. 2020-2021жж.

 

Байбатшаева Сауле Зиябекқызы, Бельгия, Брюссельде  өткен халықаралық байқауға студент әзірлеп, жоғары дәрежеге жеткізгені үшін "Дипломмен" марапатталды.

 

Смаилова Мая Италия, Венецияда  өткен халықаралық байқауға студент әзірлеп, жоғары дәрежеге жеткізгені үшін "Дипломмен" марапатталды.

 

 

Байбатырова Ұлтуған "Парижде"өткен халықаралық байқауға студент әзірлеп, жоғары дәрежеге жеткізгені үшін "Дипломмен" марапатталды.

 

 

Сырайлова Роза Түймебайқызы "Парижде"өткен халықаралық байқауға студент әзірлеп, Бас жүлде алғаны  "Дипломмен" марапатталды.