Студенттердің жетістіктері

 

    

Бастапқы әскери дайындық білім беру бағдарламасы студентерінің жетістіктері.

Студентердің ғылыми жұмысы және Республикалық пән олимпиядасына қатысу жетістіктері 

    100    

 №7 Қ. Спатаев атындағы мектеп-лицейінде 30.01.2023-24.03.2023 ж.ж. аралығында педагогикалық практика кезінде сапалы білім, әскери-патриоттық тәрбие беруде үлгі бола білгені үшін  Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру кафедрасының 6В010401 Бастапқы әскери дайындық мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының 4-курс 1401-19 тобының студенттері Берікбай Д.М., Сағындық Н.Б. Алғыс хатпен марапатталды.

  

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде 2022 жылдың 21-22 сәуірінде 6В01401-"Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау" білім беру бағдарламалар тобы бойынша "Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі" пәнінен ҚР ЖОО студенттері арасында XIII Республикалық онлайн пәндік олимпиада өтті. Осы сайыста ОҚМПУ  6В01401-" Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау" білім беру бағдарламасы 1-ші орын иеленді. Жеңімпаздар мен дайындаған оқытушыларды шын жүректен құттықтаймыз!

        

  

   

  

       2022 жылы 18 қараша күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 85 жылдық мерей тойына арналған «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» кафедрасының әскери патриоттық тәрбиеге негізделген «Егеменді ел қорғаны – Қарулы Күштер» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің деканы Тұрысқұлов Өмірәлі Жүсіпұлы мен «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі Шегенбаев Нұрқасым Бейсенбаевич ашып, жарысқа қатысушы «Сарбаз» және «Қыран» командаларына сәттілік тіледі.