Материалдық техникалық база

 

Спорт залдары мен алаңдар

 

         ОҚМПУ базасында: 1 – спорт залы (жалпы ауданы – 648 ш.м.), 2 – ашық спорт алаңдары (1500 ш. м. бас корпус ), (480 ш. м. с корпусы), 1 – гимнастика залы (450 ш. м.) жұмыс істейді.

         Спорттық ойын залы баскетбол қалқанымен (6 дана), волейбол тағанымен, тормен, төрешілер мұнарасымен, швед қабырғасымен 20 дана, гимнастикалық орындықтармен 16 дана жабдықталған. Спорттық ойындарға арналған барлық қажетті жабдықтар практикалық сабақтар кезінде қолданылады.

         Жабық спорт алаңында дене шынықтыру бойынша негізгі оқу сабақтары, футбол мен жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесі бойынша практикалық сабақтар өткізіледі. Киім ауыстыратын бөлмелер (ерлер және әйелдер), киім ілгіштермен және шкафтармен, 2 дәретханамен, қол жууға арналған қолжуғыштармен (раковиналармен) жабдықталған және жабық спорт алаңынан 10 м қашықтықта орналасқан. "С" корпусында орналасқан жабық спорт алаңы дене шынықтыру бойынша практикалық сабақтарды өткізуге арналған, сабақтарды сапалы өткізу үшін алаң 4 дана баскетбол қалқанымен, 2 футбол қақпасымен, волейбол тіреуімен, тормен, доптармен және түрлі құрал-жабдықтармен жабдықталған. Алаң спорттық резеңке жабынмен жабылған.

          Гимнастикалық зал бас ғимараттың 3 қабатында орналасқан, гимнастикалық снарядтармен, тренажерлармен, теннис үстелдерімен, швед қабырғаларымен және т.б. жабдықталған. Киім ауыстыратын бөлмелер 2 қабатта орналасқан, киім ілгіштермен, дәретханамен, қол жууға арналған қолжуғышпен (раковина) жабдықталған.

         Спорт алаңдары базасында ағымдағы оқу сабақтарынан басқа футбол, волейбол, баскетбол, күрес түрлері, каратэ, тоғызқұмалақ, үстел теннисі бойынша түрлі спорт секциялары ұйымдастырылды.

         Барлық спорт алаңдарында, киім ауыстыратын бөлмелерде күн сайын санитарлық тазалау, кварцтау жүргізіледі, санитайзерлер бар.

          

        

 

 

 

                                      ФОТОГАЛЕРЕЯ

 

Описание: C:\Users\user\Desktop\21-09-2021_07-41-25\20210921_101802.jpg

Описание: C:\Users\user\Desktop\21-09-2021_07-41-25\20210921_101853.jpg

Описание: C:\Users\user\Desktop\21-09-2021_07-41-25\20210921_101934.jpg

Описание: C:\Users\user\Desktop\21-09-2021_07-41-25\20210921_102726.jpg

Описание: C:\Users\user\Desktop\21-09-2021_07-41-25\20210921_102610.jpg

 

Описание: C:\Users\user\Desktop\21-09-2021_07-41-25\20210921_102947.jpg

Описание: C:\Users\user\Desktop\21-09-2021_07-41-25\20210921_103006.jpg

 

Описание: C:\Users\user\Desktop\21-09-2021_07-41-25\20210921_103119.jpg

Описание: C:\Users\user\Downloads\IMG-20210921-WA0022.jpg

 

Описание: C:\Users\user\Downloads\IMG-20210921-WA0024.jpg