Кафедра тарихы

        Әлем тарихы және дінтану кафедрасы 2021-2022 оқу жылының тамыз айында өткізілген  Ғылыми кеңес шешімінің №1 хаттамасы бойынша жаңадан құрылды. Кафедраға қарасты 5В011400-Тарих, 5В013000-Тарих-Дінтану мамандықтарын, 6В01601-Тарих мұғалімін даярлау және 6В01602-Тарих-Дінтану мұғалімін даярлау білім беру бағдарламалары бойынша   қызмет атқарады.

         Заман талабына сай бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда Әлем тарихы және дінтану кафедрасының тарихы 1937 жылы құрылған институт тарихымен бірге басталады. Бұл ұжымда көптеген ұстаздар қызмет атқарып, республика халық ағарту саласына білікті мамандар дайындауда қомақты үлес қосып келеді.

         1960 жылы «Марксизм-ленинизм пәндері» кафедрасынан «Азаматтық тарихы» кафедрасы өз алдына бөлініп шықты. Ең алғашқыда кафедраны ірі ғалым-медиевист доцент М.Ф.Фадина, Ұлы Отан соғысының ардагері доцент А.И.Исмаилов басқарды. Бұл кезеңде кафедрада білікті мамандар т.ғ.д. Т.Бақшылов, Ю.П.Гриневич, белгілі археолог Н.П.Подушкин, доцент Қ.Сәдуақасова жұмыс істеген. 

         1965 жылдан тарих кафедрасы «КСРО тарихы» мен «Жалпы тарих» кафедраларына бөлінді.

         1965 жылдан «КСРО тарихы» кафедрасын 1974 жылға дейін т.ғ.к., доцент Қошқар Жүсіпұлы Оразов басқарды. Кафедрада тарих факультетінің алғашқы түлектерінің бірі, Ұлы Отан соғысының ардагері, В.И.Ленин және А.Невский ордендерінің иегері, т.ғ.к., доцент Сардар Шакиров өмірінің соңына дейін ұстаздық етті. Сол жылдары кафедрада Ю.П. Гриневич, С. Наурызбаев, Ғ.Сатыбекова, М. Бижанов, А. Рүстемов, Ы. Қайсарбеков, Е.В. Жевако, Н.В. Кутнякова, А.А. Клименко, жұмыс істеді.

         Ю.П. Гриневич басқарған 1974-1985 жылдары кафедра С.Н. Қонақбаев, С.С. Әбубәкіров, А.Н. Подушкин,  Р.А. Омарова, Ғ.А. Марина сияқты оқытушылармен толықтырылды. Ал Н.В. Кутнякова жетекшілік еткен 1985-1996 жылдар аясында кафедраға В.С. Цой, Я.Ф. Тиктопуло, А. Алмаханова, З.Қ. Исабеков сияқты жаңа буын жұмысқа келді.

         «КСРО тарихы» кафедрасы 1992 жылы  «Қазақстан тарихы» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі қызметін 1996-1998 жылдары т.ғ.к., доцент С.С.Әбубәкіров, 1998-1999 жылдары т.ғ.к. Д.М.Бекманова, 1999-2001 жылдары т.ғ.к. Б.Алтаев, 2001-2002 жылдары т.ғ.д. С. Жолдасов, 2002-2003 жылдары Б.Қ. Исабек, 2003-2004 жылдары С.С. Әбубәкіров, 2004-2006 жылдары т.ғ.к. Ж.Е. Мулдахметова, 2006-2007 жылдары т.ғ.к., доцент Ғ.Қ.Маймақов, 2007-2009 жылдары Ғ.А.Марина, 2009-2013 жылдары Д.А.Күмісбекова атқарды.

         1965 жылдан «Жалпы тарих» кафедрасын 1974 жылға дейін доцент А.Алдабергенов басқарды, 1974-1986 жж. - доцент Қ.Сәдуақасова, 1986-1991 жж. – доцент Р.Бекназаров, 1991-1995 жж. доцент С.Жолдасов, 1995-1998 жж. – доцент М.Ауанасов, 1998-2002 жж. – доцент Қ.Ізтілеуов, 2002-2010 жж. – доцент Г.Д.Сүгірбаева. Бұл жылдары кафедрада білікті мамандар А.Әуелбаев, Б.Айдосов, Л.Дрейзес, М.Ермеков, А.Ибраев, И.И.Вахтель және т.б. жұмыс істеді.

         Академиялық инновациялық университеті мен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институнының біріккен Ғылыми кеңесінің 2010 жылдың 31 тамызында (№1 хаттама) қабылдаған шешіміне сәйкес “Қазақстан тарихы” кафедрасы мен “Бүкіләлем тарихы” кафедралары біріктіріліп, “Қазақстан және әлем тарихы” кафедрасы деп қайта құрылды. «Қазақстан және әлем тарихы» кафедрасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы №722 қаулысы негізінде құрылған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және педагогика факультетінің құрамына енді. 2012 жылы кафедра Тарих және кәсіби білім факультетіне қосылды. Ал жаңа 2013-2014 оқу жылынан бастап Тарих және педагогика факультетіне енді. 2014 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан және әлем тарихы кафедрасы Гуманитарлық және әлеуметтану ғылыми мектебі құрамына енді.

         Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша 2016-2017 оқу жылынан бастап Қазақстан және әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедралары қосылды. 2017-2018 оқу жылынан бастап Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы Педагогика-гуманитарлық факультетінің құрамына енді.

         2017-2021 жылдар аралығында кафедраны философия ғылымдарының кандидаты, доцент Сыздықова Гаухар Майсұрқызы басқарды.

         2020-2021 оқу жылында факультет атауы Тарих және педагогика болып қайта құрылды. 2021-2022 оқу жылынан бастап Әлем тарихы және дінтану кафедрасын тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Орынбасарова Гүлжан Жақсымбетқызы конкурстық негізде тағайындалып, басқарып келеді.

         Қазіргі танда Әлем тарихы және дінтану кафедрасында т.ғ.к., аға оқытушы Г.Ж.Орынбасарова, т.ғ.д., профессор, белгілі археолог А.Н.Подушкин, т.ғ.к., доцент Г.Д.Сүгірбаева, т.ғ.к., доцент М.Н.Алдаберген, т.ғ.к.Т.М.Руяткина, т.ғ.к. Б.С.Айтай, PhD М.К.Алдабергенова, аға оқытушы, аға оқытушы Ғ.А.Марина, магистр М.А.Бесбаев, аға оқытушы Р.С.Тастанова, магистр Н.Исамет, магистр А.Б.Амирханов, магистр Г.А.Жадраева  жұмыс жасайды.  

         2021-2022 оқу жылынан бастап ЖОО-да мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында №19 Ө.Жәнібеков атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.С.Тастанова жұмысқа қабылданып, Тарихты оқыту әдістемесі, Тарих-Дінтануды оқыту әдістемесі пәндерінен дәріс береді.

        2023-2024 оқу жылынан бастап университет басшылығының 11 тамыз 2023 жылғы №4-150 бұйрығына сәйкес кафедрамызда магистратура (7М01601 «Тарих педагогін даярлау» БББ) мен  ( 8D01601 «Тарих педагогін даярлау» БББ) докторантура бойынша мамандар даярлау «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасынан «Әлем тарихы және дінтану» кафедрасына өтті. Сонымен қоса кафедрамыздың оқытушы педагогтар құрамы Исабек Б.Қ., Найманбаев Б.Р., Сенгирбаева З.К, Байшуақова А.Д., Баймаханов Б.К., Абдиханова А.Ж. секілді білікті, тәжірибелі педагогтармен толықты.