Жаңалықтар

Жаңалықтар

29/09/2021

«ЖАСТЫҚ ШАҚ - ЕҢ ҮЛКЕН СИҚЫРШЫ»

Жастар арасындағы волонтерлік қозғалысқа деген қызығушылықты ояту, қоғамдық және университеттік өмірде белсенділікті арттыру, өзге де оқу орындарынан жаңа таныстықтар тауып «достық көпірін» нығайту мақсатында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының КММ-ұйымдастырушылары Біркөлік «Aisa» демалыс аумағында Қыркүйек айының 27-28 күні тимбилдинг оқу-жаттығу жобасын өткізді. Осы іс-шараға біздің де оқу ордамыздың белсенді студенттері қатысып, аз уақытта бағалы тәжірибе жинап, ыстық естеліктер қорын көбейтіп қайтты.

17/09/2021

«АДАЛДЫҚ АРДЫҢ ІСІ»

Бүгінгі таңдағы қоғамның “жауына” айналып отырған жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алу негізінде көптеген семинарлар мен іс-шаралар өткізіліп жатқаны мәлім.
Осы мақсатта бүгін «Adaldyq alańy» жобалық кеңесінің ұйымдастыруымен, Н.Назарбаев орталығында оқу ордамыздың бірқатар белсенділерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында викториналық сайыс өтті.