«ЕРКЕ» қыздар клубы

Ұйым мақсаты: Университеміздегі  студент қыздарымыздың дүниетанымы мен білімін, руханият көкжиегін кеңейту мақсатында іс- шаралар жүргізу.

Ұйым міндеті: Студент қыздардың қазіргі заман талабына сай саналы, білімді, инабатты болмысының қалыптасуына ықпал жасау. Сол орайда жұмыс бағытын үшке бөліп қарастырдық. Қоғамдық іс- шаралар, мәдени іс-шаралар және қайырымдылық іс- шаралар негізінде клуб мүшелерімен жұмыс істеу көзделеді.

«Ерке» қыздар клубы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор Байдыбекова Ерке Ізбасарқызының атына берілді.

«ЕРКЕ» қыздар ұйымының жұмыс бағыты:

Іс-шаралар ұйымдастыру бағыты;

InfoMatrix бағыты;

Көшбасшылар мектебі:

Шешендік өнер;

Қолөнер бағыты;

Дәмді әлем бағыты;

«Жүректен – жүрекке» қайырымдылық бағыты.

Ұйымның құрамында 55 студент бар.

Ұйым төрайымы – Тоқтарова Асель, Физика-математика факультеті,  1509-10 оқу тобының студенті