Түркістанға саяхат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ардагерлері оқу ордасының  ректоры Гүлжан Сүгірбаеваның бастамасымен және қолдауымен Түркістан қаласына саяхаттап қайтты. Ардақты ұстаздар көне шаһардың жаңаша келбетке ие болған жерлерін аралап, Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасады. Сапардан мол әсер алған ардагерлер бұл іске ұйытқы болған азаматтарға ризалығын білдірді. Университеттің кәсіподақ комитеті төрағасы Мәди Беспаевтың айтуынша мұндай саяхаттық сапарлар  алдағы уақытта да өткізілмек.