Студенттерге Қазақстан Республикасының Көші-қон туралы Заңы түсіндірілді

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттеріне Қазақстан Республикасының Көші-қон туралы Заңы түсіндірілді. Жиынға Шымкент қаласы көші-қон қызметінің сыртқы көші-көн қызметі бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Мырзалиев Жәнібек Бекетұлы қатысты. Студенттер ҚР Халықтың көші-қоны туралы Заңының Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілер туралы тәртібімен, уақытша тіркеуге тұру талаптарымен таныстырылды.

Семинар соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.