Жаңалықтар

                                 АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАП ҚАЙТТЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті студенттері мен өнерпаздары Шымкенттегі Ардагерлер үйіне арнайы барып, қайырымдылық концертін өткізді. Концерт шымылдығы «Тұмар» би ансамблінің орындауындағы «Пиала» биімен ашылды.


«Айтыс» үйірмесінің жетекшісі, белгілі ақын Нұрғали Әнапия қарияларға арнап жырдан шашу шашты. «Эстрада» үйірмесінің жетекшісі, ҚР Мәдениет қайраткері Хадиша Шалабаева мен «Домбыра» үйірмесінің жетекшісі, белгілі күйші Шыңғыс Исаевтың орындауындағы шығармаларды ардагерлер ерекше ықыласпен қабыл алды.


Қайырымдылық шарасына өнер және білім факультетінің студенттері белсене атсалысты. Ал, денешынықтыру және спорт факультетінің студенті Даниял Мұхаммадұлының әндері жастық дәуренге жетеледі. Студенттер қариялармен бірге билеп, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


— Шараның мақсаты жастарды қайырымдылық жасау арқылы ізгілікке баулу және үлкендерді құрметтеуге шақыру, - дейді университеттің Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Қайрат Анарбаев. Мәдениет бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Гүлсанат Әмірғалиева ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ардагерлер дән риза болды.                  

 

                                      16-желтоқсан — Тәуелсіздік күні
 Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында, университеттің үздік және қоғамдық шараларға белсенді студенттеріне «ОҚПУ елшісі» төсбелгісі тағылды. Оқу орнымыздың бет-бейнесін қалыптастырып жүрген мақтаныштарымыз алдағы уақытта қай салада еңбек етсе де университет түлегі екенін еске салатын бұл белгінің символикалық мәні зор.



Салтанатты шарада университет Басқарма төрағасы-ректоры Гүлжан Сүгірбаева Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласып, сахнаға әскери марш аясында еліміздің көк Туы әкелінді. ҚР Ерен еңбегі медалінің иегері Үрәлхан Сейілбекова, ҚР Мәдениет қайраткері Хадиша Шалабаеваның орындауында әсем ән шырқалды. Студенттер де өнер көрсетті.

                             «ЖАҢА ҚАДАМ», СТУДЕНТКЕ СӘТТІЛІК 
2023 жылдың 9 қараша күні Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Жаңа қадам» атты арнау кеш өтті. Атаулы шара биыл университетке жаңадан қабылданған 1 курс студенттеріне арналды. Салтанатты сауық кешін университеттің Басқарма төрағасы-ректор Гүлжан Сүгірбаева құттықтау сөзбен ашты.

— Бүгінгі кеш жаңа өмірге жолдама алған студенттерге арналып отыр. «Жаңа қадам» деп атау беруіміз де сондықтан. Бұл кеш сіздердің көңілдеріңізді көтеруге ғана емес, алдағы ұзақ өмір сапарларыңызға сәтті қадам тілейтін жиын. Өздеріңізге қарап осыдан 40 жыл бұрын университетке дәл сіздердей келген албырт шағым еске түсіп тұр. Әрқайсыңыздың еліміздің кемел келешегіне қызмет етер азамат болып шығатыныңызға сенемін, - деді.


Концерттік бағдарлама университет өнерпаз студенттерінің қатысуымен өтті. Сахна шымылдығы дене шынықтыру және спорт факультетінің 2 курс студенті Мұхаммадұлы Даниалдың орындауындағы «Jana qadam» әнімен ашылды.

                              РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
2023 жылдың 24 қазан күні Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде 25 қазан Республика күніне арналған «Егемендік , елдік — ұлы мұрат» атты мерекелік концерт өтті.


«Қазақстан» мәжіліс залында ұйымдастырылған салтанатты шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің арнайы жолдаған құттықтау бейнеролигімен ашылды. Бұдан кейін ұстаздар қауымын университеттің Басқарма төрағасы-ректор Гүлжан Сүгірбаева құттықтап, сөз сөйледі. Айтулы мерекеде бірқатар оқытушылар мен қызметкерлер университеттің «Құрметті профессоры» атағын иеленді. Сондай-ақ, елеулі еңбек етіп жүрген мамандар министрліктің төсбелгі, алғыс хаттарымен де марапатталды.

Республика күніне орай «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалының алғыс хатын табыстау үшін Әл-Фараби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Арай Есенбектің арнайы келуі де зор қошемет болды.

Ал, мерекелік шараның ең қуанышты жаңалығы — университеттің белсенді қызметкерлеріне арналған, Түркияның Гази университетіне жолдама болды. Бұл жолдама биыл университетте алғаш рет ұйымдастырылып, 7 талапкерге бұйырып отыр. Гүлжан Дәулетбекқызы жақсы іс алдағы уақытта да жалғасын табатынын мәлімдеді. Салтанатты шара мәдениет бөлімінің басшысы Гүлсанат Әмірғалиеваның ұйымдастыруымен арнайы мерекелік концертке ұласты.                 

                              МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕЛЕР ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
2023 жылдың 29 қыркүйек күні университетте 1 қазан Қарттар күні мен 5 қазан Ұстаздар күніне арналған «ҰСТАЗЫМ – ҮЛГІ-ӨНЕГЕ, ҚАРТТАРЫМ – ЫРЫС, НЕСІБЕ» атты салтанатты жиын өтті. Іс-шара университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева мен мемлекет және қоғам қайраткері Оразалы Сәбденнің құттықтау сөзімен ашылды.

Жас ақын студенттеріміз Даниал Болысбек пен Сәуірхан Сұлтан домбырамен арнау айтты. Қатысушылар рух сардары, мемлекет қайраткері, этнограф Өзбекәлі Жәнібеков туралы деректі фильмді тамашалады.


Салтанатты шарада ғалым, университеттің директорлар кеңесінің төрағасы Оразалы Сәбденге ғылыми кеңестің шешімімен «Құрметті профессор» атағы берілді. Бұл атаққа сондай-ақ, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Омар Базаркүл, жаратылыстану факультеті химия ғылымдарының кандидаты, доцент Мәдібекова Ғалия, тарих және педагогика факультеті тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Бегманова Дариха ие болды.

                                     1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІМЕН!
Білім күні - педагог үшін жылдың ең маңызды күні, кәсіби мерекесі. Бұл күн жаңа мүмкіндіктер мен шығармашылық бастамаларды айқындайтын, даму жолындағы көкжиекті бейнелейтін маңызды күн.

Университет қабырғасынан жыл сайын сапалы білім алып, болашақ ұрпаққа олардың жетістіктері мен жеңістеріне бастама беруші жүздеген жас педагогтар шығуда. Биыл олардың қатарына тағы да білім іздеп, арман қуған жаңа жастар легі қосылды. Оқу-ағарту ісінің майталман мамандарын даярлайтын оқу ордасы білім мен ғылым жолындағы ізденістен шаршамай, айқын шыңдарды бағындырушы білімгер жастармен қайта қауышуға қуанышты.

Осындай тамаша сәттің көрінісі Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «1 қыркүйек – Білім күніне» арналған мерекелік концертте орын алды. Салтанатты жиын шымылдығын университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева ашып, студент жастар мен ұлағатты ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Арманшыл жастарға жарқын болашақтың «алтын кілті» мен сапалы өмірдің бастамасы білім атты дархан жолдың жолдамасы ретінде «сынақ кітапшасын» табыстады. Білімгерлер мен қонақтарға ҚР Мәдениет қайраткері, әнші, «Эстрада» үйірмесінің жетекшісі Хадиша Шалабаева мен оның шәкірттері өнер көрсетті.

Университет түлегі, Халықаралық дәрежедегі дизайнер, Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының мүшесі, Мәскеудегі «Этно – Эрато» байқауының алтын қайшы иегері, Евразия Дизайнерлер Одағының мүшесі Марат Ерімбетовтің «Шашбаулым» коллекциясын ұсынды. Ұлттық нақыштағы әсем бұйымдарды университет студенттерінен құралған – «Ақбаян» студенттік сән театры сахналады. Жетекшісі Шымкент қаласының «Үздік жас дизайнері» номинациясының иегері және де университет түлегі Мақпал Төреханова. Мерекелік сахна төрінде университет жастарынан құралған "Тұмар" би ансамблі де көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

ЖАҢА СТУДЕНТТЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ

2023 жылдың 30 тамыз күні Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің білім алушы жастары үшін Шымкент қаласында жаңа студенттер үйі ашылды. Осыған орай өткізілген салтанатты шараға басқарма төрағасы-ректор Гүлжан Сүгірбаева бастаған университет ұжымы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасы Гүлзат Көбенова, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Еліміздің үшінші мегаполисінде жылдан жылға студент жастардың саны артып келе жатқандықтан жатақхана тапшылығын шешу – өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осы мәселеге ерекше тоқтала кетіп: «Келесі маңызды мәселе – студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету. Бұл түйткілді шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнату тәсілін барынша енгізу керек» деген болатын.

Ел Президентінің осы тапсырмасын орындау аясында қаламыздағы «Inter Press BK» компаниясы 2022 жылдың қараша айында 500 орындық заманауи жатақхананың құрылысын бастап, жаңа оқу жылына дайын етіп берді. Қонақ үй типтегі жатақхана іші толығымен жиһаздалған. Жеті қабатты ғимаратта 2, 3 және 4 адамға лайықталған 160 жатын бөлме бар. Әр бөлме санитарлық тораппен (душ бөлмесі, дәретхана) жабдықталған. Студенттерге ыңғайлы болу үшін 14 арнайы бөлмеге кір жуатын машиналар орнатылған. Бұдан бөлек 14 ас дайындайтын бөлме, 2 тренажер залы, демалыс және оқу бөлмелері бар. Студенттер, магистранттар мен докторанттарға арнап салынған жатақханада лифт жұмыс істейді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйесі де орнатылған.

 

ОҚМПУ-ДІҢ БИЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ 15 ПАЙЫЗҒА ЖУЫҒЫ ҮЗДІК ДИПЛОМ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті үшін ерекше күн. Университеттің шежірелі тарихы оқу орнын үздік бітірген 190 жаңа есіммен толықты. Бұл университет үшін де, талапты шәкірттеріміз үшін де жұлдызды сәт. Биылғы оқу жылын ОҚМПУ-да бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша 1264 білім алушы тәмамдап отырса, оның 15 пайызға жуығы – үздік дипломға лайық деп танылды.

Білім алушылардың оқуда озат болып жатқаны – университеттің мықтылығын, ұжымдағы 400-ден астам оқытушы-профессорлық құрамның жоғары кәсібилігін көрсетеді.Үздік диплом иегерлерінің көпшілігі жаңашыл ғылыми ізденістерімен танымал болды. Білім беру ісін жетілдіруге қызмет ететін жаңалықтар ашты. Біз жаңа буын шәкірттерімізбен мақтанамыз!


Жалынды жастар алдағы өмірлерін ең қайырлы қызмет – білім беру ісімен байлап отыр. Олардың білімге ден қойып, үздік диплом алғаны – ата-ана үмітін ақтағаны. Енді олар алған білімдерін шәкірт тәрбиелеуге арнап, ел үмітін ақтауға қадам жасамақ. Жастарымызға бағындырған өмір белесі құтты болсын дейміз! Әрдайым жолдарыңыз ашық болсын! ОҚМПУ өз шәкірттеріне үнемі тілеулес болып қала береді.

БАБАЛАР БАТЫРЛЫҒЫ – БІЗГЕ АМАНАТ» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған «Бабалар батырлығы – бізге аманат» мерекелік іс-шарасы өтті. Университеттің оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттері қатысқан салтанатты жиын мемлекеттілігіміздің негізі болған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Гимніне құрмет көрсету рәсімімен басталды.

Мерекелік іс-шара Отан қорғауда ерліктің жарқын үлгісін көрсеткен аға буын өкілдерін еске алуға арналып, ел қорғаны болған әскери қызметшілерге құрмет көрсетуді мақсат тұтты. Әскери-патриоттық рухты дәріптеуге, қастерлі Отанды қорғау, оның игілігі үшін қызмет ету – әрбір азаматтың перзенттік борышы екенін көрсетуге бағышталды.

Салтанатты жиында университет ректорының міндетін атқарушы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Баршагүл Қашқынқызы Исабек сөз алып, жиналғандарды мемлекеттілігіміздің тарихында елеулі орны бар айбынды мерекелермен құттықтады. "Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан аталарымыздың батырлығы бізге үлгі. Бейбіт күннің қадірін түсіне білген парасатты жұртымыз жас буынды елдік рухта тәрбиелеуге үлкен мән берген. Жеңіс күнімен қатарласа келген Отан қорғаушылар күні - халқымыздың елжандылық қасиетін, жауынгерлік рухын паш ететін мереке",- деп атап өтті Баршагүл Қашқынқызы. Мереке аясында бірқатар әріптестеріміз табысты еңбегі үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Түркістан облыстық мәслихатының, "Amanat" партиясы Түркістан облыстық филиалының Құрмет грамоталарымен, университет басшылығының Алғыс хатымен марапатталды.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен «Тарихи тұлғалар: ұлттық тәрбие және сабақтастық» республикалық форумының гала-концертінен фотосюжет


ОҚМПУ-ДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
2023 жылдың 27 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Тарихи тұлғалар: ұлттық тәрбие және сабақтастық» республикалық форумының ашылу салтанаты өтті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен өтіп жатқан форум ұлт тарихындағы кемеңгер тұлғалардың парасат пайымын зерделеу, олардың ой мұрасын, тәлімдік қасиетін жаңғырту, ұлттық тәрбие желісін сақтай отырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру міндетін көздейді.

Форум жұмысына еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми өкілдері, мемлекеттік органдардың жауапты тұлғалары, республикадағы жоғары оқу орындарының әлеуметтік және тәрбие істері бойынша проректорлары, оқу орындарының салалық департамент басшылары, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілдері қатысуда. Бірқатар жауапты азаматтар ZOOM форматындағы онлайн мәжілістерге қатысады.

Келелі жиынға келген қонақтар алдымен оқу ордамыздың мақтанышы болған «Қазығұрт» фольклорлық ансамблінің өнерін тамашалады, «Ұстазға тағзым» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. ОҚМПУ бас ғимаратында меймандар «Ұлы Дала елі – өркениеттер тоғысында» археологиялық көрмесімен танысып, студенттердің қылқалам және қолөнер туындыларын тамашалады.

                    ОҚМПУ СТУДЕНТТЕРІ БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен  қала университеттерінің студенттері арасында «Бозбала мен бойжеткен» байқауын өткізді. Мақсаты – жастарды қазақ халқының дүниетанымына сай әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, талантты, талапты жастарға қолдау көрсету.

15 сәуір — «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ғашықтар күніне орайластырылған байқауда 8 жұп бақ сынады. Әр университеттен алма мойын, қиғаш қас бұлбұл қыздар мен жуан білек, апайтөс дүлдүл жігіттер ән айтудан, би элементтерін орындаудан, орындаушылық шеберліктен, поэзия жанрын орындаудан, халық ауыз әдебиетінің шығармаларын мәнерлеп айтудан, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа байланысты қойылымдар қою шеберлігінен жарысқа түсті.

Нәтижесінде бас жүлдені ОҚМПУ студенттері Мұхаммадұлы Даниал мен Адылбекқызы Ақсезім жеңіп алды. Жеңімпаз студенттердің жетекшілері - мәдениет бөлімінің басшысы Әмірғалиева Гүлсанат пен жастар саясаты бөлімінің басшысы Тасболат Бекдәулет. Оқу ордамыздың абыройын арттырған студенттерімізге шын ықыласты құттықтауымызды жеткіземіз.

Көктем нұрын сыйлаған - АСЫЛ АНА, АРУ ҚЫЗ!

Көктем нұрын сыйлаған - АСЫЛ АНА, АРУ ҚЫЗ! Осындай әсем тақырыппен бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты кеш өтті.

Университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева оқу ордасының нәзік жанды аруларын көктем лебімен қатар келген төл мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін арнады."Осындай әдемі кеште мен барша студент қыздарға өз тағдырын адаспай тауып, ана болу бақытын тілеймін. Біздерге екі бақыт қатар бұйырған. Бірі ана болу, екіншісі ұстаз болу. Себебі ана тек өз баласын тәрбиелесе, біз ұстаздар өзгенің де баласына тәрбие береміз. Бұл үлкен жауапкершілік әрі ізгі іс. Осы істі абыроймен алып жүріңіздер!
Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып, сыйлы, сүйікті, қадірлі қалыптарыңыздан айнымаңыздар!" деді Гүлжан Даулетбекқызы өз сөзінде.


Бұл күні бесік пен әлемді қатар тербеткен ғалым аналар бірқатар марапаттарға ие болды. Оқу ордасының өнерпаз жастары әсем ән мен сазды күйден шашу шашты. Республикалық байқаулардың жүлдегерлері ​ «Тұмар» би ансамблі өнер көрсетті.

Оқу ордасының жігіттер қауымы Бақытжан Ауданбаевтың сөзіне жазылған Нұрлан Еспановтың «Қыздар-ай» әнін шырқап, көрермен көзайымына айналды. Студент қыздардан құралған «Ақ баян» сән театры Халықаралық дәрежедегі дизайнер, Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының мүшесі, Мәскеудегі «Этно – Эрато» байқауының алтын қайшы иегері, Евразия Дизайнерлер Одағының мүшесі Марат Ерімбетовтің «Рази-Джемаль» коллекциясын көрсетті.

9.12.2022 ж. «Түркістан» концерттік  сарайында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.Іргетасы 1937 жылы қаланған, ғасырға жуық терең тарихымен Оңтүстік өңірінің білім қарашаңырағына айналған оқу ордасының мерейлі мерекесіне алыстан ат арылтып келген қонақтарды ұлағатты ұстаздар мен студент жастар күтіп алды. Университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева студенттер мен ұжымдастарды құттықтап, қасиетті ұстаздар ұстаханасы, жоғары білімнің шежірелі қарашаңырағы – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің кешегі тарихы мен бүгінгі асулары жайлы баяндама оқыды. Қуанышқа ортақтасып, құттықтай келген қонақтарға алғысын білдірді. Алғашқылардың бірі болып сахна төріне өзінің жылы лебізімен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шықты. Әкім мырза университет басшылығына «білім нарығында әлеуметтік-экономикалық сұранысқа ие кәсіби мамандар даярлаған және ұрпаққа рухани-патриоттық тәрбие беруде адамгершілік секілді ізгі қасиеттерімен танылып, адал еңбегі мен сапалы жұмыс нәтижесін көрсеткені» үшін ризашылығын білдіре отырып, профессорлар Наталья Дмитрюк, Ілесхан Сманов, оқытушылар Садық Болатбек, Дариха Бекманова, тәрбие қызметкері Гаухар Камалова сынды тұлғаларға «Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хатымен» марапаттады. Құттықтаулар легін Қазақстан Республикасы Президенті кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев жалғастырды.
Қ. Ерғалиев Министр Саясат Нұрбектің құттықтау хатын жеткізді. Және Білім және ғылым саласында адал да абыройлы еңбегі үшін Ақлима Байғұтова, Ләззат Жорабекова, Данебек Пошаев, Галия Мадыбекова , Рода Кадирбаева, Райя Тажитаева, Нұрила Байсейтова, Гүлжамал Дүйсенова, Музафархан Темирханов сынды ұстаздар мен қызметкерлерге ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІНІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫН табыстады.Шындық үшін күресіп, жалынды жырларымен ұлт рухын оятқан ақиық ақын Мұхтар Шахановқа ОҚМПУ «ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ» атағы берілді. Сондай-ақ оқу ордасын әр жылдары басқарған Әбдімәлік Әшіров, Оңалбек, Жарылқасын, Оңалбай Аяшев сынды тұлғалар «ҚҰРМЕТТІ РЕКТОР» атағымен марапатталды. Салтанатты жиын төрінде өнер сүйер қауымға оқу ордасының түлектері - Республикалық байқаулардың лауреаты, ҚР Ерен еңбегі медалінің иегері,Түркия мемлекетінің әншісі, философы, композиторы, Ашық Вейсель атындағы медальдің иегері Ерлан Жандарбай мен ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Ерен еңбегі медалінің иегері, ОҚМПУ доценті Үралхан Сейілбекова, эстрада жұлдызы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, Қуандық Рахым өнер көрсетті.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 85 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар:

7.10.2022 ж. ОҚМПУ 85 жылдық мерейтойына орай Мәдениет бөлімі, Қоғамдық кәсіптер орталығы, өнер жіне білім факультетінің ұйымдастыруымен «Бояу сыры» атты мәдени іс-шара өтті. Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының магистр-аға оқытушысы Алмас Калыковтың жетекшілігімен студенттер университет ғимараттарын әртүрлі ракурстартан бейнеледі. Іс-шарада Мәдениет бөліімінің саксфоншысы Нұржан Баймаханов композициялық әуендерімен қылқалам шеберлеріне өнер көрсетті. Кеш соңында бояуы қанық әсем туындылар білім ордасына сыйға тартылды.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 85 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар:

          07.10.2022 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 85 жылдық мерейтойы аясында Мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының №5 Аялы алақан арнаулыәлеуметтік қызметтер көрсету орталығында, ерекше жандар күніне орай «Мейірім-шапағат» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шарада оқу ордамыздың «Тұмар» би ансамблі мен өнерпаз студенттері өзі өнерлерін паш етті. Шара соңында мекеме басшысы Салтаев Бекболат Амалбекұлы өнер көрсеткен студенттерге өз ризашылығын білдіре отырып, алғыс хаттармен марапаттап, шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тіледі.

28.12.2022 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде жаңа жылдық мерекелік кеш өтті. Университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева бастаған ұлағатты ұстаздар қауымы арқа-жарқа көңілмен өткен жылды қорытындылап, келер жылға кемел жоспарлармен қадам басты.Білім ордасының мерейлі 85 жылдығында абыройлы табыстарға қол жеткізген бірқатар оқытушы-профессорлар құрамының еңбектері еленіп, атаулы марапаттарға ие болды.Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесі мен ғылым жолына арнаған бірқатар ардагер ұстаздар ҚР Білім және ғылым саласының дамуына сіңірген еңбегі мен жемісті шығармашылық қызмет жолындағы «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапатталды.Қазыналы қарттардың ізін жалғаушы оқытушыларымыз да Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрінің алғыс хаты, "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі және Түркістан облысы әкімінің грамотасына лайық деп табылды. Сондай-ақ білім ұясының білікті басқарма басшысы Гүлжан Сүгірбаева әріптесі Николай Подушкинмен бірге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.

 

22.12.2022 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет», «Достық» орденінің иегері, Халықаралық ПЕН клубы және Платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, жазушы, драматург, ҚР Еңбек Ері Дулат Исабековтың 80 жылдығына орай «Өмірден өнер жасаған жазушы» атты шығармашылық кездесу өтті. Тағылымды жиынды филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек жүргізді. Сахна төрінде Дулат Исабековпен қатар жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат»,"Құрмет" орденінің иегері Бексұлтан Нұржекеев те қонақ болды. Қазыналы оқу ордасының ұлағатты ұстаздары мен білімгер жастары жазушымен әдемі сұхбат құрып, шығармашылығынан қойылымдар тамашалады. ҚР Мәдениет қайраткері, ОҚМПУ доценті Үралхан Сейілбекова халық әні «Гауһартасты» шырқады. Өнер иесінің дәл осы әнді таңдауы тегін емес. Дулат Исабеков сценарийі бойынша түсірілген режиссер Шәріп Бейсембаевтың «Гауһартас» фильмі 1975 жылы жарыққа шығып, қазақ кино өнерінің алтын қорына айналды. Бүкілодақтық тұсау кесері 1977 жылдың маусым айында Мәскеу қаласында өтті. «Гауһартас» фильмі танымалдылығы жағынан күллі Кеңес Одағы бойынша «Қыз Жібек» фильмінен кейінгі екінші орында болды. Тамаша туынды қазақ жерінде ғана емес, өзге мемлекеттердің экрандарынан көрсетілді. Бұдан өзге филология факультетінің студенттері жазушының «Қарғын» романы мен «Өкпек жолаушы», «Біз соғысты көрген жоқпыз», «Бекет» повестерінен үзінділер оқыды.Кеш соңында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева қадірлі қонақтарға алғыс білдірді. 80 жасқа толған Дулат Исабековты мерейтойымен құттықтап, ОҚМПУ «Құрметті профессоры» атағын берді. Жақында ғана жарыққа шыққан «Шежірелі шаңырақ» жинағын сыйға тартты.

10.12.2022 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 85 жылдық мерейтойына орай 2022 жылғы 10-желтоқсанда «Ұстазға тағзым»  кіші архитектуралық формасы ашылды. Салтанатты рәсімге университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева және оқу орнының түлегі, Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шаханов, М. Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Д. Қожамжарова, ұлағатты ұстаздар мен білімгер жастар қатысты. Гүлжан Сүгірбаева "бұл игі іс университеттің мерейлі мерзімдегі тойына арналған тарту және "үнсіз ақылшы" кітап бейнесіндегі әсем ескерткіш студенттердің ұстаздарға деген құрметінің мызғымас діңгегі" екендігін атап өтті. Бұл күні поэзия әлеміне қаламын ұштап енді қосылған жас ақын қыздың да жұлдызы жанып Мұхтар Шаханов атындағы стипендия иегері атанды.

9.11.2022 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне 85 жыл толуына орай 9-қараша күні Өнер және білім факультетінің студенттері «Ұстаз һәм шәкірт» атты концертте өнерлерін паш етті. Өнер сүйер қауым кеңінен жиналған мәдени іс-шарада ҚР Мәдениет саласының үздігі Айман Қарсыбаева жетекшілік ететін «Қазығұрт» фольклорлық ансамбілінің сүйемелдеуімен танымал музыкалық композициялар мен күйлер орындалды. ҚР Мәдениет қайраткері,  ҚР Ерен еңбегі медалінің иегері, ОҚМПУ доценті Үрәлхан Сейілбекова  шәкірті Махамбет Әбдіқұлмен Төлеген Мұхамеджановтың «Отан» әнін шырқады.  Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының ұстазы Жамила Ерназарованың «Сырғалым» коллекциясы ұсынылды.

 

2.11.2022 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас муфти Өтпенов Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен «Жастар - біздің болашағымыз» атты рухани семинар өтті. Семинарға университет ұжымы және студент жастар қатысты. Жиналған қауымға ҚМДБ төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Жастар - біздің болашағымыз» тақырыбында арнайы дәріс оқыды. Дәрісте шешен ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық тәрбие мәселелеріне және ондағы қолданылған этнопедагогикалық әдіс-тәсілдердің асыл дінімізбен қабысатын тұстарын ерекше атап өтті. Семинар қорытындысында ОҚМПУ ректоры Гүлжан Сүгірбаева Наурызбай қажы Тағанұлына жас ұрпаққа өнегелі тәрбиелік маңызы бар дәрісі үшін алғыс білдірді. Тағылымды жиын соңында құрметті қонақтар аллеясында тал егу рәсімі өтті.

31.10.2022 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Тарихтан тағылым» тақырыбындағы жобалық лекторийдің қорытынды іс-шарасы болып өтті. Жиынға Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің басшысы Қайрат Анарбаев модераторлық етті. Жоба Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының арнайы кестесіне сай өткізілді. Қала университеттері мен орта арнаулы оқу орындары ұстаздары мен студенттер қатысқан шараға басқармасы басшысы Мұратжан Шотанов пен Түркістан облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов және еңбек ардагерлері келді. Тағылымды жиында жастардың назарына қазақ елінің тау тұлғалы азаматтарының ерен еңбегі жайлы баяндамалар оқылды. 30 студентке Шымкент қаласы қуғын-сүргін музейі мен Д.Қонаев мұражайына арнайы жолдама берілді. 

22.10.2022 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Егеменділік - ерен ерлік» атты республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Кеш шымылдығын салтанатты түрде оқу орнының ректоры Гүлжан Сүгірбаева ашып, көпшілік қауымды мерекемен шын жүректен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Оқу ордасының ардагер ұстаздары физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Сара Рамазанова мен тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Подушкинге ОҚМПУ Профессоры атағы берілді. Ал ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор міндетін атқарушы Баян Уалиханова мен ағылшын тілі кафедрасының Phd, аға оқытушы Маржан Дуйсеноваға

«Жас ғалым» жобасы бойынша конкурста жеңіске жеткені үшін «Білім және ғылым саласындағы зерттеулер» Ұлттық ғылыми кеңесі төрағасының құттықтау хаты табысталса, бірқатар оқытушылар мен қызметкерлер ректордың «Алғыс хатымен» марапатталды.

Концертте Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Эстрада» үйірмесінің жетекшісі, әнші Хадиша Шалабаева әннен шашу шашса, «Айтыс» үйірмесінің жетекшісі, халықаралық, республикалық айтыстардың жүлдегері Нұрғали Әнапия жыр арнады.Сондай-ақ университет студенттерінен құралған «Тұмар» би ансамблі би билеп, Халықаралық дәрежедегі дизайнер, Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының мүшесі, Мәскеудегі «Этно – Эрато» байқауының алтын қайшы иегері Марат Ерімбетов «Ұлы дала айшықтары» коллекциясын көрермен назарына ұсынды.

 

22.10.2022 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 25-қазан – Республика күніне орай «Жаңа Қазақстанның тірегі - жалынды жастар» атты жастар форумы өтті. Жиынға стратегиялық даму және тәрбие істері жөніндегі проректор Баршагүл Исабек модераторлық етті. Аталған іс-шара мерекенің тарихымен таныстыра отырып жастарды белсенді өмір сүруге, елге қызмет ету мен патриоттық сананы кеңейтуді көздейді. Кездесу барысында университеттің тәрбие істері және жастар саясаты департаментінің басшысы Қайрат Анарбаев «Республика күнінің тарихи мәні» тақырыбында баяндама оқыды. Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов жаңа Қазақстандағы жастардың рөлі жайлы баяндады. Сонымен қатар, «Менің арманымдағы Қазақстан» эссе байқауының жеңімпаздары мен «Үздік Магистрант» байқауының жеңімпаздарын марапатталды.Форум қонақтары өнерлі студенттердің концерттік қойылымын тамашалап, патриоттық әндер тыңдады.

19.10.2022 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде тарихшы, жазушы Момбек Әбдәкімұлының «Шымкент қаласының энциклопедиясы» кітабының презентациясы өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері, білімгер жастар қатысты. Тағылымы мол жиынды белгілі әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбек жүргізді.Университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева жазушының шығармашылық қырлары жөнінде баяндама жасап, кітаптың мән-маңызын атап өтті. Шара барысында «Момбек Әбдәкімұлының тарих, детектив және шежіре тақырыбында жазған кітаптары» атты библиографиялық көрсеткіш таратылып, виртуалды және дәстүрлі кітап көрмелері қойылды. Жиылған зиялы қауымға композитор Құралай Сәтмұхамбетова, ҚР еңбек сіңірген әртісі Құрман Шойынбаев өнер көрсетті.

 

15.10.2022 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «1-курс Студенттеріне Арнау кеші» өтті. 2022-2023 оқу жылына қабылданған білімгерлерді университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева студент қатарына қосылуларымен құттықтап, жарқын болашақтарына сәттілік тіледі. Сахна төрінде "Тұмар" би ансамблі, арнайы қонақтар "Nomad" триосы мен өнерлі студенттер көк байрақты желбірете ән шырқап, би биледі. Концерт соңы жастарға арналған би кеші мен әсерлі отшашу шоуға ұласты.

30.09.2022 ж. Ұстаздар мен Қарттар күніне арналған «Ұстазым-ұлағатым,үлгі-өнегем» атты мерекелік концерт өтті. Қасиетті қарашаңырақтың алып бәйтерегіндей болған ардагер ұстаз Қапира Сәдуақасқызына «ОҚМПУ профессоры» атағы берілді. Ұстаздар қауымы ректордың алғыс хаты мен қаржылай сыйақыларға ие болды. Кеш қонақтары сыңғырлаған ән мен күмбірлеген күміс күйдің үніне құлақ асып, концерт тамаша деңгейде өз мәресіне жетті.

01.09.2022 ж. 1 қыркүйек – Білім күніне арналған мерекелік концерт өтті. Басқарма төрағасы-ректор, т.ғ.к, доцент  Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы  барша ұстаздар мен студенттерді Білім күнімен құттықтап, арманшыл жастарға жарқын болашақтың «алтын кілті» мен сапалы өмірдің бастамасы, білім атты дархан жолдың жолдамасы ретінде «сынақ кітапшасын» тапсырды

15.06.2022 ж. «Ынтымақ» этносаралық қоғамдық бірлестігінің және дизайнер Марат Ерімбетовтің ұйымдастыруымен өткен  «Қазақстан халқы» Ассамблеясы ғимаратында  «Қазақтың ұлттық киімі күні» атты іс-шарасына өз үлесін қосып, белсене қатысқаны үшін бөлім басшысы м.а Гүлсанат Болатқызы «Ынтымақ» этносаралық қоғамдық бірлестігінің сертификатымен марапатталды. 

21.02.2022 ж.  Шымкент қалалық тілдерді дамыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, көркем әдебиетті, әлем және қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, жастардың рухани байлығын дамыту және оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткен "Көркемсөз оқу шеберлері" байқауына  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті "Филология" факультетінің  1-курс студенттері қатысып, Сайлауқызы Нуризат 2-орын, Төлбай Естай 3-орын, Жұмаділла Аружан 3-орын иегерлері атанды. Студенттердің байқауға қатысуына  Мәдениет бөлімі, Қоғамдық кәсіптер даярлау орталығы және Филология факультетінің  ұстаздары өз үлестерін қосты.

30.11.2021 ж. өткен Шымкент қаласы әкіидігі жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шараға Мәдениет бөлімі белсене қатысып, бөлім басшысы м.а Гүлсанат Болатқызы және ОҚМПУ өнерпаздары  орталықтың алғыс хатымен марапатталды.

07.07.2022 ж  «ОҚМПУ ТҮЛЕГІ – 2022» диплом тапсыру салтанаты аталып өтті. Оқу орнымыздың үздік бітіруші түлектеріне диплом табыстау үшін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 1987 жылғы үздік түлегі, Басқарма төрағасы –  Ректор, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент  Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы салтанатты шараның шымылдығын ашты. Сахнада оқу ордамыздың өнерпаздары өнер көрсетті.

17.05.2022 ж. САПАЛЫ БІЛІМ: ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ. БІЛІМДІ ҰЛТ» тақырыбындағы арнайы білім беретін педагогтерге арналған республикалық ғылыми-практикалық конференциясының жабылу салтанаты. Іс-шараға оқу ордамыздың студенттері мен өнерпаздары белсене қатысты.

13.05.2022 ж. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының жабылу салтанаты  өтті. Іс-шараға оқу ордамыздың студенттері мен өнерпаздары белсене қатысты.

11.05.2022 ж. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға оқу ордамыздың студенттері мен өнерпаздары белсене қатысты.

21.04.2022 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу»  күніне арналған «Бозбала мен Бойжеткен – 2022» байқауы өтті. Байқауда 6 факультеттің атынан қатысқан 9 жұп бақ сынады. Ұпай нәтижесі бойынша қазылар алқасының шешімімен Дене шынықтыру және спорт факультетінің студенттері Сағынтай Рамазан мен Адылбекқызы Ақсезім 1 орын иеленді. Тарих және педагогика факультетінің студенттері Қазығұл Аян, Ғаниқызы Рабинұр 2 орын, Мәлік Айдосбек, Сәрсен Сара 3 орынмен марапатталды. ОҚМПУ Дене шынықтыру және спорт факультетінің студенттері Сағынтай Рамазан мен Адылбекқызы Ақсезім ONTUSTIK телеарнасының «Таң Нұры» бағдарламасында қонақта болды.Олар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде 21-сәуірде өткен «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» ғашықтар күніне арналған «Бозбала мен Бойжеткен – 2022» қыз-жігіттер байқауының жеңімпаздары. Жас өрендермен бірге ОҚМПУ Мәдениет бөлімінің басшысы Гүлсанат Әмірғалиева да бағдарламаға қатысып, байқаудың негізгі мақсатымен бөлісті.

12.04.2022 ж.  Ғылым күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.  Іс-шара барысында  Жүзбаев Қырғызбай мырзаға және Молдалиева Динаида ханымға  ОҚМПУ профессоры атағы берілді. Сонымен қатар, Ғылым ардагерлері және оқу ордамыздың қызметкерлері  ОҚМПУ мерейтойлық төсбелгісімен, «Үздік Ғалым» номинациясы бойынша университетішілік оқытушылар байқауының жеңімпаздары  марапатталды.

22.03.2022  ж. Орталық саябақта Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға оқу ордамыздың белсенді өнерпаздары, Жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері, Қоғамдық кәсіптер даярлау орталығының қызметкерлері  және студенттік ректорат мүшелері белсене қатысты. Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімі Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлының қатысуымен өткен іс-шараға «Эстрада» үйірмесінің жетекшісі, ҚР Мәдениет қайраткері, әнші  Хадиша Шалабаева да  өз өнерін паш етіп, жиналған қауымға әннен шашу шашты.

14.03.2022 ж. Бас ғимарат Шаңырақ корпусында «Көрісу» күніне арналған іс-шара өтті. Дастарқанда – наурыз көже мен ұлттық тағамдар,  теледидардан «Көрісу» туралы бейнероликтер көрсетіліп, мерекеге келген  қатысушылар мен  қонақтар  көрісіп, жағдай сұрасты. Іс-шараға оқу ордамыздың белсенді өнерпаздары, Жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері, Қоғамдық кәсіптер даярлау орталығының,  Рухани жаңғыру және тәрбие бөлімінің  қызметкерлері,  және студенттік ректорат мүшелері белсене қатысты.

03.03.2022  ж. Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Әйел - Ана! Әйел – Ару! Әйел – Гүл!» атты салтанатты іс-шарасы өтті. Іс-шараға оқу ордамыздың ер-азаматтары  белсене қатысып, әйел қауымына керемет көңіл-күй сыйлап әндер шырқады. 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер мерекесіне орай жас ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосқан, сонымен қатар өз қызметінде жоғары жауапкершілік пен белсенділік танытқан университеттің  профессор-оқытушылары мен қызметкерлері және Мәдениет бөлімінің басшысы м.а Гүлсанат Болатқызы  Ректордың Алғыс хатымен марапатталды.

21.02.2022 ж.  оқушыларға арналған «ОҚМПУ - дарындылар мекені» атты концерт өтті. Іс-шараға оқу ордамыздың белсенді өнерпаздары, Жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері, Қоғамдық кәсіптер даярлау орталығының қызметкерлері және студенттік өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері белсене қатысты.

11.02.2022 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Бас ғимарат  Шаңырақ корпусында 14 ақпан «Халықаралық кітап сыйлау» күніне орай  «Кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Кітап оқитын ұлт» жобасын бастауына, университетімізде Басқарма басшысы-Ректор Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызының бастамасымен «Ғылым жылы» деп айдар қойылуына байланысты биылғы жылы «Балаларға базарлық» қайырымдылық шарасын ұйымдастырып,  Алтын сандықты мектеп жасындағы балаларға арналған ғылыми-танымдық, көркем әдебиеттерге  толтыруға өз үлестерін қосты.

 

22.12.2021 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті  «Өнер және білім» факультеті «Музыкалық білім» кафедрасының 22-желтоқсанда «Қазығұрт» фольклорлық ансамбліне 25 жыл толуына орай  «Жаңғырған Қазығұрт» атты  салтанатты сазды мерекелік  концерті өтті. Концертте оқу орнымыздың түлегі, ҚР «Дарын» жастар  сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Республикалық, Халықаралық байқаулардың лауреаты, әнші Алтынай Жорабаева өнер көрсетті. Сондай-ақ Ұлттық өнерді насихаттау мен жастардың шығармашылық дамуына айрықша үлес қосқан тұлғалар университеттің мерейтойлық медалімен, Ұлттық өнерді дәріптеу мен насихаттау арқылы ұлттық рухымыздың асқақтауына, жастардың ұлттық өзектен алыстамауына, асыл қазынамызды келер ұрпаққа жеткізу ісіне айрықша еңбек сіңіргені үшін ОҚМПУ  Ректорының Алғысхатымен және Түркістан облысы мәслихатының грамотасымен марапатталды.

   15.12.2021 ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай     «Тәуелсіздік - қасиеттім, қастерлім!» атты мерекелік концерт өтті.16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күніне орай оқу-тәрбие, ғылым саласындағы жоғары жетістіктері мен қоғамдық жұмыстарды белсенді атқарғаны үшін университеттің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне – 80 жыл»  мерекелік төсбелгісімен марапатталды.

          14.12.2021 ж. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Калыков Алмас Шулезбайұлының  50 жас мерейтойына орай ұйымдастырылған «АҚ ПЕН ҚАРА» шығармашылық көрмесі өтті.

  

       

26.11.2021 ж.   ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ҚР Тұңғыш Президенті күні мен этнограф ғалым Ө.Жәнібековтің 90 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жыр арқауы – Тәуелсіздік» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті. Айтыс қорытындысында Аллажар Сапархан, Нартай Тілеуқұл, Мұхит Бабақұл, Абылай Құлтай, Жандос Мырзабек, Нұрдәулет Өмірбек, Мейіржан Жарылқап, Дәурен Ысқақ айтыстың ынталандыру сыйлығына ие болды.  Аллажар Сапархан қазылар алқасының төрайымы тағайындаған арнайы жүлде мен 50 мың теңгені олжалады. Үздіктер қатарынан көрінген Айшолпан Тілеутай 3 орын, 200 мың теңгені, Аян Ниязбек 2 орын 400 мың теңгені, Алматылық  Айым Асылбекқызы 1 орын, 700 мың теңгені иемденді. Бас жүлде 1 млн теңге қаржылай сыйақы  ОҚМПУ Айтыс үйірмесінің жетекшісі Нұрғали Әнапияға бұйырды.

12.11.2021 ж. Студенттік арнау кешіне арналған «Білім бекеті» атты мерекелік концерт өтті. 9 қарашадан  бастап апта бойына  факультетаралық  1 курс студенттеріне арналған студенттік арнаудың нәтижесі бойынша  «Үздік өнер көрсеткені» үшін   «Өнер және білім»  факультетінің  1-ші  курс студенті Биданова Айгерім, «Физика - математика» факультетінің 3-ші  курс студенті Абдурахманова Аида, «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің  студенттері  Сағынбай Рамазан мен Сапарбай Берік, «Жаратылыстану» факультетінің  «Сыған» биі, «Тарих және педагогика» факультетінің  «КВН»   командасы марапатталды.  Концерт соңы би кешіне ұласты.

21.10.2021 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің түлегі, 2021 жылы Жапонияда өткен «Токио-2020» жазғы Олимпиада ойындарында каратэден «кумитэ» бағдарламасы бойынша 67 кг салмақта қола медаль иегері Асаділов Дархан Абсадықұлы мен оның ұстазы Қазақстан Республикасына  еңбегі сіңген жаттықтырушы, каратэ-додан 6-дан иегері п.ғ.к., профессор, Темірханов Мұзафар Темірұлымен «ОҚМПУ мақтаныштары» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Мәдениет бөлімі бейнеролик дайындап, өнерпаздарға тақырыпқа сай әндер жаздырып, іс-шараға белсене қатысты.

14.10.2021 ж. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2-курс студенттері ұйымдастырған «Өнерге жол» шығармашылық көрмесі өтті. Көрменің шымылдығын  университеттің басқарма  төрағасы  – Ректор, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сүгірбаева Гүлжан  Дәулетбекқызы ашып берді. 

 

 

01.10.2021 ж. «Ұстаз деген – жарық күні ғаламның» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Ұстаздар күні мерекесіне орай жас ұрпақты тәрбиелеуге, оқу орнының дамуына еңбек сіңірген бірқатар профессор-оқытушылар «Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және білім, ғылым мен тәрбие саласында жоғары жауапкершілік пен белсенділік танытқан оқытушылар Ректордың Алғысхатымен марапатталды.  Алдын-ала дайындалған бейнетүсірілім оқу ордамыздың сайтына, facebook, instagram, youtube әлеуметтік желілеріне салынды.

 

 

01.09.2021 ж. ҚР Конституциясы күніне және 1 қыркүйек – Білім күніне арналған мерекелік онлайн-концерт өтті.  Басқарма төрағасы - Ректор Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы  барша ұстаздар мен студенттерді Білім күнімен құттықтап, арманшыл жастарға жарқын болашақтың «алтын кілті» мен сапалы өмірдің бастамасы, білім атты дархан жолдың жолдамасы ретінде «сынақ кітапшасын» тапсырды.

 

 

1 қыркүйек – Білім күніне арналған мерекелік онлайн-концерт

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Өнер және білім факультеті  мен "Қоғамдық кәсіптер даярлау" орталығының ұйымдастыруымен  «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнер» кафедрасы «Көркем еңбек және сызу мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламасы  бойынша 2-курс студенттері Жуасбек Дана, Әбілов Аманжол, Сыдықов Мейірбектің  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында  «Өнерге жол» шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Көрменің шымылдығын  университеттің басқарма  төрағасы  – Ректор, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сүгірбаева Гүлжан  Дәулетбекқызы ашып берді.   
«Игі істің басына  -  жақсы келер қасына» демекші,  көрмеміздің ашылу салтанатына келген қадірлі қонағымыз Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институты директорының орынбасары Самсаев Иса Мұсаұлы сөз сөйлеп, жас дарындарға ізгі тілегін білдірді.  Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

ҮЗДІК ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ - 2021