Шаланов Ербол Сәбитұлы

Шаланов Ербол Сәбитұлы

Басқарма мүшесі – Әкімшілік және инфрақұрылымдық

даму жөніндегі проректор

Шаланов Ербол Сәбитұлы 1983 жылы 15 қаңтарда Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Көкібел ауылында дүниеге келген. 1989 жылы С. О. Рақымов атындағы орта мектеп табалдырығын аттап, 2000 жылы Шымкент қаласындағы №1  Дарынды балаларға арналған мектеп-интернатын үздік бітірген.

2000-2005 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «тарих және география» мамандығын, ал 2007-2009 жылдары осы университеттің «Саясаттану» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. 2018-2021 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетін «Тарих» мамандығы бойынша докторантурасын тәмәмдады.

Алғашқы еңбек жолын 2004 жылы Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-де Жастар ісі комитетінде мәдени іс-шаралар ұйымдастырушы маман болып бастады. 2005-2009 жылдары аралығында  университеттің Жастар ісі комитетінің төрағасы болды.

2009-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жұмыс атқарды. 2011-2013 жылдары «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Білім тарату департаментінде бас маман, 1 категориялы менеджер, бас менеджер лауазымдарын атқарды.

2013-2014 жылдары аралығында «HEMEN» KazTrade Group» ЖШС қазақ-венгер бірлескен кәсіпорнында атқарушы директор лауазымын атқарды.

2014-2016 жылдары «Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы» ЗТБ Әлеуметтік жобалар департаментінің директоры, 2015-2020 жылдары «Global Business Trade» ЖШС Бас директоры лауазымдарын атқарды.

2020 жылдан ОҚМПУ Ректор көмекшісі. 2021 жылдың 4-қазанынан ОҚМПУ Басқарма мүшесі – Әкімшілік және шаруашылық жұмыстары жөніндегі проректоры лауазымын атқарып келеді.

Е.С. Шаланов орыс, түрік, ағылшын тілдерін меңгерген.