ОҚМПУ СТУДЕНТТЕРІ ТҮРКИЯҒА ОҚУҒА АТТАНДЫ

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің бір топ студенті Түркия елінің ең беделді жоғары білім ордасына оқуға аттанады. Олар Анкарадағы Гази университетінде бір оқу семестрі бойына білім алмақ. Жастарды ауқымды ізденістер күтіп тұр. Шетелге оқуға баратын студенттермен бүгін университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева арнайы кездесіп, оларға сәттілік тіледі.