ҚОНАҚТА АКАДЕМИК ҚАСЫМБЕКОВ

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне ҚР премьер министрі орынбасарының бұрынғы кеңесшісі, мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, ұлттық инженерлік академиясының академигі, 100-ден астам ғылыми жұмыстың авторы, фракциялық кристалдану әдісімен аса таза заттарды алу бойынша ғылыми мектептің негізін қалаушы, сондай-ақ Қазақстан тарихы бойынша 50 ғылыми-танымал жұмыстардың авторы Бақтыбай Қасымбеков келді.

Академик Б.Қасымбеков университетіміздің тарихы және жетістіктерімен қызығушылықпен танысып, студенттер үйіне барды.

Ғалым университеттің бейорганикалық және органикалық химия зертханаларымен танысып, химия кафедрасының ғылыми жобаларына, оның ішінде профессор Әбдімәлік Ашировтың ізденістеріне қызығушылық танытты.