МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ —ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

news_fak_history_images: 

       Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 7М01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау білім беру бағдарламасының Бастауышта оқыту кафедрасының  2 курс  магистранты  Ордабекова Лайла Хусановна Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бекіткен «30 жылдыққа — 30 жұлдызды күн» іс-шаралар жоспары аясында Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы «Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік тірегі» атты этнос өкілдері арасында қалалық байқауына қатысты.

      Байқаудың мақсаты — қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен мерейін арттыру. Үш кезеңнен (Сәлемдесу, Өнертаным, Мақал-сөздің мәйегі) тұратын байқауда бас-аяғы 11 қатысушы бақтарын сынады.

      Нәтижесінде Ордабекова Лайла Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай этнос өкілдері арасында  өткен      «Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік тірегі»  қалалық байқауына белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.