"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығы финалистерінің IV аймақтық воркшопы Шымкентте

           Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Болашақ мұғалімі» ұлттық сыйлығы финалистерінің аймақтық IV воркшопы өтті. Шараға қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры өкілдері, "Қазақстан мұғалімі" байқауының финалистері, Шымкент қаласы білім беру басқармасының өкілдері, мектеп директорлары, сондай-ақ ОҚМПУ-дің профессор-оқытушылары мен студенттері офлайн және онлайн форматта қатысты. Жиында оқу ордасының ректоры Гүлжан Сүгірбаева ұлттық сыйлықтан үміткерлерге сәттілік тілеп, келешекте университет студенттерінің де «Болашақ мұғалімі» иегері атанады деген сенімін жеткізді. Воркшопта ақтық сынға жолдама алғандар өздерінің педагогикалық және шығармашылық тәжірибелерін көпшілікке таныстырды.