Қабылдау комиссиясы жұмысын қорытындылады

            ҚР Білім және ғылым министрілігі ҰТО ұйымдастыруымен ҰБТ өткізудің нұсқаулығына сәйкес биылғы оқу жылының желтоқсан айында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде 524 талапкер қабылдау емтихандарын тапсырды. Олардың 37-і докторантура, 487-і магистратураға қабылдану үшін сынақтан өтті. ОҚМПУ-і қабылдау емтихандарының талапқа сай өтуіне жауапты болғандықтан бұл іс университет ректоры Гүлжан Сүгірбаеваның тікелей ұйымдастыруымен атқарылды. Талапкерлерге медициналық алғашқы жәрдем көрсету, зағиптығына байланысты көмекке мұқтаж талапкерлерге көмекшілер тағайындау жұмыстары жүйелі жүзеге асырылды. Сынақ барысында рұқсат етілмеген заттарды (ұялы телефон, шпор, смарт.сағаттар) өзімен бірге алып кіруге әрекеттенген 4 талапкер емтиханға жіберілмеді. Олардың іс-әрекетіне байланысты қабылдау комиссиясының мүшелерімен акт толтырылды.

            Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ғ. Битұрсын, ЖЖООКББИ директоры А.Жылысбаева, ОҚМПУ медбикесі М.Досқараева емтихандарды бекітілген кестеге сай асқан жауапкершілікпен өткізді.