Құрметті  болашақ магистранттар!

Құрметті  болашақ магистранттар!

 Магистратураға арналған білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 10 желтоқсанда басталатынын қуана хабарлаймыз 
 Құжаттар жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы 14 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қабылданады. 
 Өздеріңіз білетіндей, енді магистратураға қабылдау жылына екі рет жүзеге асырылады, дәстүрлі түрде – жазда және қосымша – қыс мезгілінде.
 Қазіргі уақытта магистратураға арналған кешенді тестілеу аяқталды. 
 Енді түсушілер жазғы қабылдау нәтижесі бойынша тағайындалмай қалған гранттар бойынша конкурсқа қатыса алады.
 Магистратураның даярлау бағыттары бойынша гранттардың саны туралы ақпарат Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланғанын еске саламыз.
 Конкурстың нәтижесін 2021 жылғы 22 желтоқсанға дейін жариялауды жоспарлаймыз.
 Конкурс қатысушыларына сәттілік тілейміз!