Білімнің шамшырағы - Ыбырай Алтынсарин

news_fak_history_images: 

     Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметіндегі озық идеялар мен шығармаларын болашақ педагогтар арасында кеңінен насихаттау және жастардың бойында таңдаған кәсібіне деген құрметін күшейту, қазақ сахарасының саңлақтарының ізін жалғаушы ретінде патриоттық сезімдерін, елге, жерге, ұлттық құндылықтарымызға деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында   2021 жылдың 21 қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс 1301-11 тобының білім алушылары топ тәлімгері Қуанышбаева Зәуре Бекенқызының бастамасымен Студенттер үйінде Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арнап «Ыбырай ұстанымы-ұлттық мұрамыз» атты әдеби кеші ұйымдастырылды.

     Университеттің тарих және педагогика факультетінің деканы міндетін атқарушы Таутаева Гульдариға Батыршақызы  білім алушыларға мұғалім мамандығын, соның ішінде бастауыш сынып мұғалімі болуға таңдау жасағандары үшін алғысын білдірді. Болашақ кәсіп иелеріне мамандықтың ерекшеліктері, университет тарапынан жасалып жатқан жағдайлар мен Студенттер үйінің өмір тіршілігімен таныстырды. Ыбырай Алтынсарин қалыптастырған ынтымастық, ізгілендіру идеясын жалғастырушылар ретінде білім алушыларға табыс тіледі.  Университет қабырғасында  Ыбырай өмірінің, педагогикалық идеяларының өнегелі тәрбие беретін жақтарын бойына барынша сіңіріп қазіргі заман талабымен ұштастыруға шақырды.

   «Ы.Алтынсариннің оқу-ағарту саласындағы жаңашылдығы» тақырыбында өткен мұғалімдер арасындағы республикалық ғылыми жоба байқауының жеңімпазы   Шымкент қаласының №85 жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімі, «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасында даярланатын «7М01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы магистрі Абилова Мөлдір Амангельдыевна ұлы ұстаздың  ағартушылық қызметінің тағылымы мен шығармашылық мұралары ұрпақ үшін баға жетпес рухани қазына екенін айтып, студенттерге кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға болуға сәттілік тіледі. Кафедрада жылдар бойы сақталып келген сабақтастық дәстүр бойынша 1 курс студенттерін ЖОО кейін білімдерін жалғастыруға ой тастады.

   Қоғамдық кәсіптер даярлау орталығының басшысы Касимова Махаббат Арысхановна студенттерге дала ұстазының артында қалдырған ұлы мұрасын өскелең ұрпаққа насихаттауда студенттер үйіндегі үйірме жұмыстары мен үйірме жұмысының жетістіктерімен таныстырды.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Куанышбаева Зауре Бекеновна