Тарих пен тағзым

news_fak_history_images: 

       ҚР тәуелсіздік мерекесіне орай Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің  ОҚМПУ "Тарих және педагогика факультеті" бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 1 курс студенттері Бастауышта оқыту әдістеме кафедрасының аға оқытушысы З.Куанышбаеваның жетекшілігімен  2 желтоқсан күні Шымкент қаласындағы саяси қуғын сүргін құрбандарына арналған мұражайда болды. Мұражайдың сыртқы келбетінің ерекшелігіне және ондағы залдарға қойылған экспонаттары мен мұражай ортасына қойылған «Репрессия» скульптрлық композициясы туралы студенттерге ақпараттар берілді.  Экспозиция залында саяси қуғын сүргінге ұшыраған қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси күрескер, патриот, ғалым, киелі өнер иесі болған тарихи тұлғалардың портреттер галереясымен таныстырылып, тарихи бейнетаспалар көрсетілді.

#Окмпу #рухани #студент #тәуелсіздік #30жыл