ТАРИХҚА ТОЛЫ БІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ   ИГІЛІКТІ ІСТІҢ НӘТИЖЕСІ

news_fak_history_images: 

26 қарашада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына орай өткізілген «Тарихқа толы туған өлкем» атты республикалық онлайн олимпиадасының қорытындысы шығарылды. Олимпиадаға Қазақстанның барлық өңіріндегі ЖОО-ның студенттері, орта арнаулы білім беру мекемелерінің оқытушылары мен студенттері және жалпы орта білім беретін мұғалімдері қатысты.  Барлық қатысушылар өзінің Туған Елге деген сүйіспеншілігін, туған өлкенің  рухани құндылығын, ұлттық және мәдени дәстүрлерін  дәріптейтін  шығармашылық жұмыстарының электронды нұсқасын олимпиадаға жіберді.

    Олимпиада да  «Менің туған жерімнің тарихы», «Менің туған өлкемнің сұлу бейнесі», «Менің туған өлкем», «Мен өз елімді құрметтеймін» бағытында 70-тен астам шығармашылық жұмыстарды сарапшылар п.ғ.к., професссор С.С.Тілеуова, п.ғ.к., аға оқытушы З.Б.Куанышбаева және Шымкент қ. Әдістемелік орталығының маманы Ж.С.Коздигарина бағалау критерийлеріне сәйкес сараптама жасап, үздік шығармашылық жұмыстарды марапатқа ұсынды. Атап айтсақ, Нұр–Сұлтан қ. «№ 62 мектеп-лицейінің мұғалімі Алибаева Сандугаш Актайевна, Ақтау қ. «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледждің мұғалімі Кайболдиева Нургул Жумакелдыевна, Алматы облысы, Қаскелең қ. С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық  колледжінің студенті Кулдашев Нұрсұлтан Нұрғалиұлы, Павлодар облысы. Ақсу қ. Пограничник ауылы Б.Момышұлы атындағы орта мектептің мұғалімі Хирыхбай Тауба, Шымкент қ. №37 Фуркат атындағы жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Божбанова Балнұр Бекдилдақызы, Түркістан облысы, Кентау қ. №10 жалпы орта мектептің мұғалімі Маханова Ақерке Қойгелдіқызы,  Түркістан облысы Төлеби ауданы 1-ші мамыр орта мектептің мұғалімі Қыдырбаева Ғалия Кісетайқызы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ. Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің мұғалімі Оспанова Гульнара Сабыровна, ШҚО, Бесқарағай ауданы, Қарабас ауылы Семеновка орта мектебінің мұғалімі Жапарова Нуржамал Елемесовна, ОҚМПУ-нің 2-курс магистранты Әлмахан Гүлмира Арыстанқызы,  5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 4 курс студенті Мутал Сандуғаш Мансурқызы.

    Университет ректоры  Г.Д.Сүгірбаева олимпиада қатысушыларына өз ризашылығын білдіріп, жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен Марапаттарды табыстады. Барлық қатысушыларға білім саласындағы шығармашылық жұмыстарына табыс тілеп,  Тәуелсіздік күнімен құттықтап,  Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Туған елге деген құрметіміздің арта беруіне және тәуелсіз Еліміздің жарқын істері жалғаса берсін деп, қатысушыларға алғысын білдірді.