Университеттен түлеп ұшқан өнер жұлдыздары концертке қатысады

 

 

Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан  Сүгірбаева оқу орнымыздың түлектері – танымал эстрада әншісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері Алтынай Жорабаева мен опера әншісі, облыстық опера және балет театрының көркемдік жетекшісі, Италияда Renato Tebaldi, Mario DelMonaco және Австрияда Elissabeth Wilke, Ingrid Kremling сынды вокал шеберлерінен тәлім алған Ерлан Жандарбайды қабылдады.

Мәртебелі қонақтар  ел  Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, университеттің 85 жылдығы және «Қазығұрт» фольклорлық ансамблінің 25 жылдығына орай ертең 22 желтоқсан күні университетте өтетін «Жаңғырған Қазығұрт» атты  салтанатты мерейтойлық концертте өнер көрсетеді.