Үздік ғалымдар марапатталды

30-12-2021

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде жылды қорытындылау мақсатында университет басшылығы және оқытушылардың қатысуымен ғылыми кеңес өтті. Кеңесте университетіміздің Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректоры Ержан Керімбеков университет оқытушыларының жыл бойы ғылым саласында жасаған жұмыстары жөнінде есеп берді. Баяндама барысында университет ғалымдарының жеткен жетістіктері мен ғылым саласына қосқан үлестері кеңінен аталып өтті. Сонымен қатар, университет оқытушыларының 3 жылдық еңбектері сандық көрсеткіште талданды.

Кеңесте ғылым саласындағы мемлекеттік стипендия иегері атанған Мәдібекова Ғалия Мүтәліқызының жетістігі ерекше аталып өтті. Сонымен қатар, университетімізде құрылған Ғылыми координациялық кеңестің ұсынысымен және Ректор Гүлжан Сүгірбаеваның қолдауымен 2021 жылдың қорытындысы бойынша ғылым саласындағы үздіктер төмендегі номинациялар бойынша қаржылай әрі арнайы алғыс хаттармен марапатталды:

-​«2021 жылдың ең үздік ғалымы» номинациясы;

-​«2021 жылдың ең үздік жас ғалымы» номинациясы;

-​«2021 жылдың ең үздік ғылыми жарияланым авторы» номинациясы;

-​ «2021 жылдың ең көп сілтеме алған ғалымы» номинациясы.