Құрметті білім алушылар!

Құрметті білім алушылар!

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы №  3 қаулысын басшылыққа ала отырып,  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі барлық білім беру бағдарламалары бойынша 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрі аралас оқыту форматында ұйымдастырылатындығын хабарлайды:

  • 1 курс,  бакалавриат:

- оқу практикасы - 31.01.2022-13.02.2022 ж. күндері аралығында;

-  теориялық оқу - 14.02.2022 ж. күннен басталады.

  • 1 курс,  магистратура және докторантура:

-  теориялық оқу - 24.01.2022 ж. күннен басталады.

  • 2 курс, бакалавриат:

- психологиялық-педагогикалық практика - 31.01.2022-13.02.2022 ж. күндері аралығында;

- теориялық оқу - 14.02.2022 ж. күннен басталады.

  • 3 курс, бакалавриат:

- педагогикалық практика 31.01.2022-27.02.2022 ж. күндері аралығында;

- теориялық оқу - 28.02.2022 ж. күннен басталады.

          Білім алушылар келесі мәселелерге назар аударуы тиіс:

  • Короновирустық инфекция және басқа да вирустық аурулардың алғашқы белгілері  пайда болған жағдайда білім алушылар жеке өтініші негізінде уақытша қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі;
  • Университеттің оқу ғимараттарына және Студенттер үйіне кіру «Ashyq» қосымшасы арқылы жүзеге асырылады;
  • Ғимаратқа кіреберісте күн сайын термометрия қолданылады;
  • Міндетті түрде бетперде тағу талабы қойылады:
  • Әлеуметтік қашықтық режимі сақталады;
  • Барлық ғимараттарда орнатылған қолды залалсыздандыруға  арналған антисептигі бар санитайзерлерді пайдалану талап етіледі.

Қосымша ақпаратты   тиісінше факультеттердің деканаттарынан алуға болады.