Қысқы мектеп – 2022

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Қысқы мектеп – 2022» оқу-әдістемелік семинары өтті. Үш күнге созылған ғылыми басқосуға басқарма төрағасының орынбасары-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар қатысты. Семинарда педагогикалық инновация орталығының басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, доцент Р. Қадырбаева «Аралас оқыту жағдайында оқу процесін жобалау әдістемесі», академиялық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты Д. Бердалиев «Студентке бағдарланған оқыту: оқыту және үлгерімді бағалау», география кафедрасының аға оқытушысы К. Тасқараева «Оқытудағы саралау әдістері», математика кафедрасының аға оқытушысы М. Егембергенова «Орта мектепте сабақты жоспарлаудың тиімді тәсілдері», «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ, «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Г. Есентөреева «PISA халықаралық зерттеуінің тапсырмаларын білім беру процесіне интеграциялау», Шымкент қаласы Ұлықбек атындағы жалпы орта білім беретін мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, математика пәні мұғалімі Н. Сырымбаева «Бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалауды әзірлеуде туындаған мәселелерді шешу жолдары», бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты С. Тілеуова «Онлайн оқыту барысында лекция сабағының нәтижелі болуының кейбір мәселелері», әлем тарихы және дінтану кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Т. Руяткина «Обучение использованию цифровых ресурсов студентов-историков», информатика кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Г. Нұрмұханбетова «STEM – білім беру технологиясы» тақырыбында баяндама жасады.