Оқу әдістемелік басқарма

Бердалиев Даулетбай Тұрдалыұлы 
оқу-әдістемелік басқарма  басшысы, физика- математика ғылымдарының кандидаты 


Оқу-әдістемелік басқарманың тарихы

Институтымыздың ашылған алғашқы 1937 оқу жылынан бастап педагогикалық мамандықтар бойынша оқу процесіне сәйкес оқу жоспары мен бағдарламаларын үйлестіру және сабақ кестесін реттеу жұмыстарын жүргізетін мамандар қызмет атқарған. Мысалы, 1960 жылдары Ахметова Ляля Салиховна сынды қызметкер. 1980 жылдары институттың оқу бөліміне басшылық қызметті Вахтель Иван Иванович, Әлжанов Серік Саниевич, Серокко Инда Петровна, Тұртабаев Сәрсенбек Қойшыбайұлы, Орманов Нұрлан Керімбекұлы, Дайырбеков Серік Сансызбайұлы атқарды.

2011 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты ашылған жылы оқу-әдістемелік бөлімі құрылып, басшысы қызметін п.ғ.к., доцент Дайырбеков Серік Сансызбайұлы, 2012-2014 оқу жылдары г.ғ.к., доцент Мамадияров Марат Дүйсенұлы, 2014-2016 оқу жылдары аралығында ф.ғ.к. Сапарбаева Қарлығаш Жылқыбайқызы атқарды.

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап оқу-әдістемелік басқармасының басшылық қызметін ф-м.ғ.к.  Бердалиев Даулетбай Тұрдалыұлы атқаруда.

Оқу-әдістемелік басқарманың құрамында:

  • Студентерге қызмет көрсету орталығы
  • Ағылшын тілінде оқыту бөлімі
  • Оқу процесін жоспарлау және әдістемелік секторы
  • Диспетчерлік сектор 

“ҮМІТ” СТУДЕНТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ

Студентерге қызмет көрсету орталығының басшысы

Керимкулова Гульмира Абдукаримовна

“ҮМІТ” студенттерге қызмет көрсету орталығы төмендегідей қызметтерді орындайды:

  • Студенттерге консультативтік көмек береді;
  • Босаған  білім грантарына үміткер студенттердің өтініштерін қабылдайды;
  • Студенттер тізімін құрастырады және үйлестіреді;
  • Ақпараттар мен есептер береді;
  • Білім алушылар контингентінің саны мен қозғалысын есепке алады, 3-НК нысаны бойынша статистикалық есеп береді;
  • “Универ” жүйесінде студенттер қозғалысын бақылайды;
  • Студенттерге ауыстыру, қайта оқуға қабылдау және оқудан шығару бойынша кеңес береді, өтініштерді қабылдап, тіркейді;
  • Студенттердің жеке істерін қалыптастырады;
  • Қажетті ақпараттарды жинайды, өңдейді;
  • Мемлекеттік үлгідегі құжаттарды береді;
  • Жоғары білімін аяқтамағаны туралы анықтама (Справка №3) береді, тіркейді;
  • Студенттерді ауыстыру, қайта оқуға қабылдау және оқудан шығару бұйрықтарын дайындайды;
  • Студенттің оқитындығын растайтын анықтама дайындайды;
  • Әлеуметтік жәрдемақыға қажетті анықтама (қосымша-4);
  • Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына қажетті анықтама (қосымша-6);
  • Студенттерден жатахнаға өтініш қабылдады,тіркейді;

  

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ БӨЛІМІ

 

 Ағылшын тілінде оқыту бөлімінде қазақша, орысша және ағылшын  тілінде білім беру бойынша озық педагогикалық және жаңа технологияларды енгізу арқылы үш тілді білім  берудің әдістемесін үздіксіз жетілдіру, үш тілді білім беру процесіне байланысты кафедралардағы оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау, студенттерге тілдерін жетілдіру мақсатында іс-шаралар, семинарлар ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі .

1. Көптілді топ бойынша студенттер контингенті

2. Көп тілді топтардағы іс - шаралар 

 

ОҚУ ПРОЦЕСІН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕКТОРЫ КЕЛЕСІ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ОРЫНДАЙДЫ:

  • Оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау;
  • Дайындық бағыттарына сәйкес білім беру бағдарламаларын тексеру;
  •  Білім беру бағдарламаларына сәйкес жылдық оқу жоспарларын тексеру;
  •  Барлық білім беру бағдарламаларына сәйкес оқу жылына арналған академиялық күнтізбені жасау;
  • Әр оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларына сәйкес барлық оқу түрлері және курстары бойынша оқу процесінің графигін жасау;
  • Әр оқу жылына арналған кафедралардың жұмыс сағаттарын тексеру;  
  • Кафедралардың жеке жүктемелерін және педагогикалық жүктемелерінің бөлінуін тексеру;
  • Әр ай сайын орындалған сағаттардың мәліметтерін тексеріп, қабылдау;
  • Кафедралардың жарты жылдық және жылдық сағаттарының орындалуы туралы есептерін тексеріп, қабылдап алу.
  • Білім беру бағдарламаларына сәйкес элективті пәндердің катологтарын тексеріп, қабылдау;
  • Орындалған жеке сағаттар бойынша ақпар тізім жасап, есеп-қисап бөліміне өткізу;
  • Факультеттер мен бөлімдердің жылдық есептерін қабылдап, университеттің жылдық есебін дайындау;
  • Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы және Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні бойынша мемлекеттік емтихан төрағалары мен мүшелерінің қызмет хаттарын жинау және бұйрық шығару;
  • МАК және МЕК жұмысын жүргізу бойынша хатшыларына кеңес беру, есеп жинау және талдау;
  • Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы төрағаларының есептерін тексеру, жинақтап БжҒМ жіберу;
  • Әр оқу жылының дайындық актісін дайындап БжҒМ жіберу;
  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні бойынша мемлекеттік емтихан есебін тексеру және жинақтап  БжҒМ жіберу;
  •  БжҒМ және басқа да ұйымдардан келген хаттарға жауап жазу.
  • Оқу процесін жоспарлау және әдістемелік секторына өткізілген штат кестесін, жұмыс сағаттарын, педагогикалық жүктеменің бөлінуін, ПОҚ жеке жүктемелерін, ПОҚ қатысты бұйрықтарын, ай сайын орындалатын кредиттердің мәліметтерін тіркеу;
  • Құжаттарды мұрағатқа өткізу;

Диспетчерлік секторы келесі қызметтерді орындайды:

  •  Оқу сабақтарын бақылауды ұйымдастыру және талдау.
  • Оқу ғимараттарының аудиториялық қорының есебін жүргізу және оларды бөлу;
  • Оқу сабақтарының кестесін құру
  • Профессор-оқытушы құрамының жұмыс бастылығының есебін жүргізу;
  • Аралық аттестаттаудың өткізілуін бақылау.
  • Сабақ кестесін құру мақсатында құжаттар пакетін қалыптастыру:

 

 

2017-2018 оқу жылындағы мамандықтар тізімі

2019-2020 оқу жылына Академиялық күнтізбе

 

Диспетчерлік сектор ОПҚ оқу жүктемелерін, аудиториялық қорды, ғимараттардың орналасуын, сабақтардың  кезектесуін, оқу тіліне байланысты топтардың ағымға бірігуін ескере отырып, сабақ кестесін құрайды және оқу сабақтарының бекiтiлген кестеге сәйкес жүргізілуін қадағалап, деканатпен бірге студенттердің сабаққа қатысуын және дәрісханалардың дайындығын тексеріп мәлімет жинақтайды.

  2017-2018 оқу жылының II-жарты жылдық сабақ кестесi:

Жаратылыстану факультеті

Филология факультеті

Кешкі оқыту және дайындық факультеті факультеті

Педагогика-гуманитарлық факультеті

Кәсіптік- шығармашылық факультеті

Физика-математика факультеті
 

 Ағылшын тілінде оқыту бөлімінде қазақша, орысша және ағылшын  тілінде білім беру бойынша озық педагогикалық және жаңа технологияларды енгізу арқылы үш тілді білім  берудің әдістемесін үздіксіз жетілдіру, үш тілді білім беру процесіне байланысты кафедралардағы оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау, студенттерге тілдерін жетілдіру мақсатында іс-шаралар, семинарлар ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі .

1. 2017-2018  оқу  жылының  көптілді топ бойынша студенттер контингенті

 2018-2019  оқу  жылының  көптілді топ бойынша студенттер контингенті

2. Көп тілді топтардағы іс - шаралар 

        Cтуденттер контингенті