ОҚМПУ студенттері стартап идея генераторлары

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті физика-математика факультетінің студенттері генерация және үздік стартап идеялар байқауына қатысты. Оған білім ордасының атынан педагогика ғылымдарының кандидаты Альмира Ибашова жетекшілігіндегі білімгерлер қатысты. Оның құрамында Арын Мұқағали, Орынбасар Қадырәлі, Тәліпбай Жалғасбек болды. Екі күнге созылған сайыстың өтуіне Назарбаев университеті инновациялық кластер бизнес инкубаторы ұйытқы болды. АВСWeekend жобасы бойынша ОҚМПУ студенттері арнайы сертификатқа ие болды.