Қашықтықтан, кешкі оқыту және дайындық орталығы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқыту 2011-2012 оқу жылынан бері қолданысқа енгізілген. Бүгінгі күнге дейін қашықтықтан білім беру технологиялары техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім және жоғары білім базасындағы қысқартылған білім бағдарламасы бойынша білім алушыларға, сонымен қатар жоғары білім деңгейінде білім алушылардың алмасу бағдарламасы бойынша мемлекет аумағынан тысқары шыққан білім алушыларға қолданылып келеді. Университеттің барлық мамандық шығарушы кафедралары қашықтықтан білім беру технологияларын оқу процесін ұйымдастыру мен жүйелі басқару жұмыстарында қолданады. Университет дайындап шығаратын 34 мамандықтың білім беру бағдарламасы бойынша қашықтықтан білім беру технологияларын оқу процесін ұйымдастыруға қолдануды жүзеге асыруға «Қашықтықтан оқытуды үйлестіру орталығы» басшылық жүргізеді. 2011-2015 оқу жылдары аралығында «Қашықтықтан оқыту орталығы» болып аталып, оны п.ғ.д., профессор Л.Сманов басқарды. 2016-2019 жылдары «Қашықтықтан оқытуды үйлестіру орталығын» магистр Б.Х.Садық басқарып, 2019 жылдың қараша айынан 2020 жылдың мамыр айына дейін магистр А.Б.Алпамысова басшылық жасады. 2020 жылдың мамыр айынан орталықтың басшысы болып б.ғ.к., Г.Т. Жусипова тағайындалды.

2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, құрылымдық өзгерістерге байланысты «Кешкі оқыту және дайындық факультеті» мен «Қашықтықтан оқытуды үйлестіру орталығы» бірігіп «Қашықтықтан, кешкі оқыту және дайындық орталығы» қайта құрылды. 

(Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті кеңейтілген Ғылыми Кеңесінің шешімін (№ 6. 28.01.2017) негізге ала отырып университет  ректоры Оңалбай Аяшұлы Аяшевтың бұйрығымен (01.02.2017.) университетіміздің өндірістік қажеттілігіне байланысты кешкі оқыту факультеті құрылды. Факультеттің алғашқы деканы болып а.ш.ғ.к., доцент м.а. Г.Б.Алпамысова тағайындалды. 2016-2017  оқу  жылында ҚР БжҒМ  №517  (19.08.2016ж.)  бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Тілдік дайындық бөлімі ашылып, 2017-2018 оқу жылының басында факультет құрамына дайындық бөлімінің қосылуына байланысты кешкі оқыту және дайындық факультеті болып қайта құрылды. 2017 жылдың қараша айынан бастап 2020 жылдың тамыз айына дейін факультет деканы қызметін ф.ғ.к., ҚР оқу ісінің үздігі Н.Ж. Нұрпейісов басқарды.

2016-2020 жылдар аралығында «Кешкі оқыту және дайындық» факультетіндегі тілдік дайындық бөлімінің басшысы қызметін магистр А.Д.Қылышбаев атқарды. ҚРБҒМ 28.09.2017 жылғы №489 бұйрығына сәйкес 2017-2018 оқу жылында дайындық бөлімінде тілдік деңгейін арттыру үшін 104 тыңдаушы (оның ішінде 64 тыңдаушы-ЖОО дайындық  бөлімдері тыңдаушыларының тілдік дайындық деңгейін арттыру бойынша (Қазақстаннан), 40 тыңдаушы-дайындық бөлімінің тыңдаушыларын даярлау бойынша ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар) қабылданып білім алды. 2018-2019 оқу жылында 56-тыңдаушы білім алған болса, 2019-2020 оқу жылы 55-тыңдаушы білім алды.)

Орталық өзінің жұмыстарында ҚР «Білім туралы» заңын, үкімет қаулыларын және білім және ғылым министрінің бұйрықтарымен бекітілген нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқытудың негізгі құралы ретінде «Univer 2.0» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мен «Moodle»  қашықтықтан оқытуды басқарушы ақпараттық жүйесі қолданылады.  «Univer 2.0» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде бейне-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейнеконференциялар; электрондық оқу басылымдары бойынша (электрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) білім алушылардың өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық (лабораториялық) практикумдар (имитациялық модельдер); компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар мен электрондық пошта арқылы консультациялар жүргізіледі.

Білім алушыларды оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін университеттегі қашықтықтан білім беру технологиясын пайдалану арқылы іске асыратын барлық оқу жоспарларының пәндері бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешендері жасалынған және автоматтандырылған ақпараттық желілер арқылы қолданысқа енгізілген. 2011-2020 оқу жылдары аралығында қашықтықтан білім беру технологиясын қолдану арқылы оқып, бітірген және педагогикалық мамандықтардың иесі атанған түлектеріміздің саны мыңнан асады.

     Қазіргі уақытта орталық 34 білім беру бағдарламасы бойынша оқытуда қашықтықтан білім беру технологиясын қолданады және тілдік дайындық қызмет атқарады.

 Орталық үш бағыт бойынша жұмыс жүргізеді:

  • кешкі оқыту;
  • күндізгі қашықтықтан жеделдетілген оқыту мерзімімен қысқартылған білім беру;
  • Тілдік және дайындық (шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне арналған дайындық курстары; Қазақстан Республикасының азаматтарын дайындау үшін тілдік курстар);

Дайындық курстары шет елдерде тұратын қазақ ұлтының өкілдері, оралмандар мен шет ел азаматтарына арналған. Дайындық курстарының тыңдаушылары жатақханамен қамтамасыз етіледі, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын тыңдаушылар шәкіртақы алады. Оқыту аяқталған соң тестілеу нәтижесіне қарай мемлекеттік білім беру гранты бойынша ҚР жоғарғы оқу орындарында білім алу құқығына ие болады

Тілдік дайындық Қазақстан Республикасы азаматтарының тілдік дайындық деңгейін арттыру мақсатында "Биология", "Физика", "Химия", "Информатика" педагогикалық мамандықтарына мемлекеттік тапсырыс негізінде жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін ұйымдастырылады.

Орталық ұжымы Отандастар қорымен, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен, көршілес елдердегі қазақ мектептерімен тығыз байланыс орната отырып, кең көлемдегі кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізіп келеді.

Қашықтықтан, кешкі оқыту және дайындық орталығы төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша кешкі, сырттай, күндізгі қашықтықтан жеделдетілген, қысқартылған оқу түрлері бойынша білім береді:

 

6В01101-Педагогика және психология

6В01201-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы

6В01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау

6В01401-Бастапқы әскери дайындық мұғалімін даярлау

6В01402-Дене шынықтыру және спорт мұғалімін даярлау 

6В01403-Музыка мұғалімін даярлау

6В01404- Көркем еңбек және сызу мұғалімін даярлау

6В01405-Құқық  және экономика негіздері мұғалімін даярлау

6В01406-Кәсіптік оқыту мұғалімін даярлау

6В01501-Математика мұғалімін даярлау

6В01502-Физика мұғалімін даярлау

6В01503- Информатика мұғалімін даярлау

6В01504- Химия мұғалімін даярлау

6В01505-Биология мұғалімін даярлау

6В01506- География мұғалімін даярлау

6В01507-Химия -Биология мұғалімін даярлау

6В01508-Математика-Физика мұғалімін даярлау

6В01509-Математика-Информатика мұғалімін даярлау

6В01510-Физика-Информатика мұғалімін даярлау

6В01511-География-Тарих мұғалімін даярлау

6В01601- Тарих мұғалімін даярлау

6В01602-Тарих-Дінтану мұғалімін даярлау

6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау

6В01702-Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау

6В01703-Шетел тілі екі шетел тілі мұғалімін даярлау

6В01704-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау

6В01705-Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау

6В01706-Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау

6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану маманын даярлау

6В01901-Арнайы педагогика маманын даярлау (Логопед) 

6В02101-Дизайн

6В02301- Аударма ісі

6В02302-Филология

6В05101-Биология