Байтанаев оқулары – Х

Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде 12 сәуір – Ғылым күніне орай ұйымдастырылған Байтанаев оқулары – Х және білім алушылардың дәстүрлі республикалық ХІ ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық мәжілісі өтті.

Пленарлық мәжіліс Басқарма басшысы - Ректор Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызының алғы сөзімен бастау алды. Университетімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін Байтанаев оқуларына арналған конференцияның пленарлық мәжілісіне Динаида Әбішқызы да қатысып, әкесі туралы керемет естеліктермен бөлісті.

Сонымен қатар, оқу ордамыздың белсенді ғылымға құштар студенттері де осы мәжілісте баяндама жасады. Ғылым жолында ізденісте жүрген талапкерлердің арасында Әбіш Байтанаевтың шөбересі С.Ерубаев атындағы №24 мектептің 6 сынып оқушысы Молдалы Жанелдің де баяндамасы тыңдалды.

Пленарлық мәжіліс соңында Университетімізде 12 сәуір – Ғылым күніне орай ұйымдастырылған көрме жұмыстарына белсене қатысқан Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп ұстаздары мен оқушылары алғыс хаттармен марапатталды.

#ОҚМПУ #ЮКГПУ #ӘбішБайтанаев #Конференция