Үздік түлектерге жұмыс ұсынылды

           Кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтарды баруға ынталандыру туралы Президент тапсырмасына орай ОҚМПУ-де 4 курс студенттерімен кездесу өтті. Басқосуға педагог маман жетіспей жатқан Алматы, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарының өкілдері мен білім саласының мамандары және жас мұғалімдер қатысты. Олар өңірге жұмыс істеуге баратын мамандарға жасалатын әлеуметтік жеңілдіктер мен артықшылықтар туралы айтып берді. Кездесуде арнайы бейнеролик көрсетіліп, бітіруші түлектерге байқауға қатысу тәртібі түсіндірілді.