Азаматтардың құқығын қорғау тетіктерін күшейту

Азаматтардың құқығын қорғау тетіктерін күшейту

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде осындай тақырыппен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Бекназаровтың қатысуымен республикалық референдумға ұсынылған ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттық-насихаттық мақсатта семинар өтті. Іс-шараға Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Н.Бұхарбаев, сот саласының ардагерлері А.Елшібаев пен Ө.Темір, Шымкент қаласы сотының баспасөз хатшысы Қабылбек Дүйсенбі қатысып,өз ойларымен бөлісті. Семинарды ОҚМПУ ректоры Гүлжан Сүгірбаева жүргізді.

Оффлайн форматында ұйымдастырлаған шараға жоғары оқу орнының жастар ісі жөніндегі комитеті, студенттік өзін-өзі басқару органдарының төрағалары, белсенді студенттер, оқытушылар қатысты.