Сенаторлар ұстаздар қауымымен кездесті

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде еліміздің Ата заңына енгізілетін өзгерістерді талқылауға арналған конференция өтті. Басқосуға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Н. Бекназаров пен А. Қаппарова қатысты. Жиын оқу ордамызда маңызды саяси науқанның ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қорытындысы есебі ретінде ұйымдастырылды. Конференцияны ректор Гүлжан Сүгірбаева жүргізді. Іс-шарада депутаттармен бірге университет тарихшылары мен магистранттары да өз ойларымен бөлісті.