ОҚМПУ-да емтихан сессиясы басталды

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 1 және 2 курс студенттері үшін 30 мамырдан бастап емтихан сессиясы басталды. Сондай-ақ бакалавриат пен магистратураның бітіруші курстарында қорытынды аттестаттау өткізілуде. Диплом жұмыстарын, магистрлік диссертацияларды қорғау және емтихандарды ұйымдастыру академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып жүргізіледі.