ОҚМПУ ректоры жазғы мектеп түлектерімен кездесті

6 қыркүйек күні Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесе ұйымдастырылған «Түркиядағы жазғы мектеп-2022» бағдарламасының қатысушылары ОҚМПУ ректоры Гүлжан Сүгірбаеваның қабылдауында болды.

Қорытынды кездесуде студенттер жазғы мектеп аясында өткен қызықты мәдени-танымдық іс-шаралар туралы баяндап, алған әсерлерімен бөлісті. Білім алушылар өздеріне берілген осы үлкен мүмкіндік үшін университет басшылығына зор алғыс білдіре отырып, Гүлжан Дәулетбекқызына жазғы мектептің түркиялық демеушілері тарапы арнайы жолдаған сыйлығын табыстады.