Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор

 

 

БАЙҒҰТОВА АҚЛИМА МАРХАБАТҚЫЗЫ

Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор, 

филология ғылымдарының кандидаты

 

 

Байғұтова Ақлима Мархабатқызы 1969 жылы 14 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Азаттық ауылында дүниеге келді.

1987 жылы Шымкент қаласындағы №24 мектепті алтын медальға аяқтаған.

1987-1992 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институты филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алып, аталған институтты  «қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша үздік дипломмен бітірді.

1992-1996 жж. аталған институттың, кейінірек Қ.Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің қазақ тілі кафедрасының оқытушысы, 1996-2013 жж. М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ тіл білімі, практикалық қазақ тілі кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы қызметтерінде жұмыс істеді.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтындағы қызметін 2013 жылы ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы  қызметін атқарудан бастаған. 2014 жылы «ОҚМПИ Хабаршысы – «Вестник ЮКГПИ» журналының жауапты хатшысы, 07.07.2015 ж. бастап тәрбие істері жөніндегі проректоры қызметін,  2017 ж. – 27.12.2019 жж. әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры, әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры м.а.,  01.04.2020-10.08.2020 жж. филология факультетінің деканы м.а. қызметтерін атқарған. 10.08.2020 ж. бастап әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры қызметінде.

2008 жылы 25 сәуірде ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06 – түркі тілдері, 10.02.02 – қазақ тілі мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д 53.38.01 диссертациялық кеңесте «Қазақ әйелі» концептісінің  этомәдени сипаты» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

А.Байғұтова – аталған қызметтерді абыройлы атқарып жүрген іскер басшы ғана емес, беделді ұстаз, жетекші филолог-ғалым. Оның еңбектері республика, алыс және жақын шет елдердің белді басылымдары мен баспаларында жарық көрген 70-ге жуық ғылыми мақаласы,  7 оқу құралы,
9 оқу-әдістемелік құралы оқу үдерісінде жиі қолданылатын елеулі еңбектер қатарына жатады.

А.Байғұтова Шымкент қаласы әкімінің Алғысхатымен (2019 ж.), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы (2017 ж.), «Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медалімен (2016 ж.)  марапатталған.

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы/ ҚР ЖОО педагогикалық мамандықтарының оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (2015 ж.), «Инновационные методы в обучении»/ Университет Витаутаса Великого, Каунас, Литва (2017),  «Жоғары оқу орнында филология мамандығын оқытудағы заманауи педагогикалық технология-лар»/   «Рrotecta» халықаралық инновациялық білім беру орталығы София қаласы (2019 ж.), «Higher education managment»  «Рrotecta» халықаралық инновациялық білім беру орталығы, София қаласы
(2020 ж.)  т.б. білімін жетілдірген.

2008 жылдан бері Ересек тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін тексеру мақсатында құрылған ҚР БжҒМ Ұлттық тестілеу орталығы жанынан құрылған ҚАЗТЕСТ жүйесінің сарапшысы. Мемлекеттік тілді меңгерту стандарттарының авторы, оқу-әдістемелік «Тіл – құрал» авторы, бірнеше оқулық пен оқу-әдістемелік құралдарының сарапшысы.