ОҚМПУ студенті "Екі жұлдыз" фестивалінде гран-при ұтты

Бүгін 3-қазан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева Музыкалық білім кафедрасы 1403-11тобының 2-курс студенті Әкімжан Өміртайды жеңісімен құттықтады.

Мүмкіндігі шектеулі болса да, тұла бойы тұнған өнер иесі Қазақстан Республикасы зағип өнерпаздар арасында өткен «Екі жұлдыз» ән фестивалінде гран-при жеңімпазы атанған болатын.