"100 жаңа оқулық"

2019 жылдың  10-11 қазан күндері ОҚМПУ  Педагогикалық шеберлік орталығы мен Шымкент қаласы білім басқармасы бірлесе отырып, ҚР оңтүстік өңірі жетекші мектептерінің «ЖАҢАРУ ЖАРШЫСЫ» I Аймақтық форумы өтті. Форумға «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, педагогикалық шеберлік орталығы, Шымкент қаласы әкімдігі өкілдері, Шымкент қаласы, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстары білім басқармаларының өкілдері, жетекші мектептердің директорлары мен педагогтары қатысты.Форумның мақсатына сай  жалпы білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік жетекші мектептердің тәжірибесіндегі инновациялық идеялардың талқылауы жүрді. Бұл форум аясында ОҚМПУ ректораты мен «Рухани жаңғыру» орталығы тарапынан келген қонақтарға университеттегі «Рухани жаңғыру» бағытындағы атқарылған жұмыстардың таныстырылымы өтті. Ұлы Дала өркениетінен сыр шертетін археологиялық көрме, студенттердің алаңы және ЖОО «100 жаңа оқулық» залында орналасқан жаңа кітаптармен танысқан қонақтар болашақта да бұл бағыттарда да ғалымдармен бірлесе жұмыстары жүргізуге ниетті екендіктерін жеткізді.

   

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру міндеті қолға алынғалы екі жылдың жүзі болды. Былтырғы жылы игі бастаманың негізінде ғылыми қауымдастықты жұмылдырыла отырып, Ұлттық Аударма Бюросы тарапынан 18 оқулық жарыққа шыққан еді. Ал биылғы  жылы ОҚМПУ-нің кітапханасының қоры  тағы да 30 жаңа кітап қосылды. Биыл аударылып, баспаға дайындалған оқулықтардың қоғамдық сананың жаңғыруында маңызы зор деп санаймыз. Жаңа  топтамада әлемдік деңгейдегі ғалымдардың авторлығымен жарияланған Әдебиет теориясы, Антология,  Интернет психологиясы, Ориентализм,Ұйымдық мінез –құқық негіздері, Халықаралық құқық,  Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта,  HR- менеджмент, Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент, Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі, Педагогиканы  цифрлық дәуірде қайта зерделеу, XXI ғасырдағы оқыту дизайны, Батыс  философияның жаңа тарихы, Медиа этика, Жас мамандардын тәжірибесінен, Тіл тарихы, Тіл-инстинкт, Panorama: Дүниежүзі тарихы І-ІІ томдары және т.б.оқулықтар бар.

2018 жылдың 26 қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті қабырғасында Түркістан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен ОҚМПУ «Рухани жаңғыру» орталығының бірлескен іс- шарасы өтті.

Іс-шарада Қазақстан қоғамының ұлттық идеологиясы үшін, соның ішінде жастар тәрбиесінде ерекше маңызға ие Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақаласының мазмұны мен маңызы түсіндіріліп, осы бағытта бір жылдан аса уақыт жұмыс жасап келе жатқан өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің атқарған жұмыстарымен жастарды таныстыру мақсатындағы «Ашық есік» онкүндігі ОҚМПУ-дан бастау алғаны жария етілді.

«Ашық есік» күніне университет студенттерімен бірге қаладағы ЖОО өкілдері мен студенттері де қатысты. Іс-шара барысында ЖОО жаңа келген студенттер, әсіресе шетелдік азаматтығы бар жастар бағдарламалық мақаланың мазмұны туралы кең, ауқымды мағлұматтар алды. «Ашық есік» күндерінің басталуында студенттер мен қонақтар ЖОО-да жаңадан ашылған «Рухани жаңғыру» алаңы және «100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде қазақ тіліне аударылған «жаңа оқулықтар» залымен танысып, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің тарапынан атқарылған жұмыстар және өңірдегі Цифрлы Қазақстан бағдарламасына орай жүзеге асыру іс-шаралардың барысымен де танысты.

Іс-шараға қатысқан Түркістан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Әшірбеков, «Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы» университетінің тәрбие істер жөніндегі проректоры  Б.Садықов, «Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы» университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент  Ш.Нартбаев, ОҚМПУ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы, т.ғ.к. Қ.Анарбаевтар тарапынан студенттерге мақала мазмұнын түсіндіру, «рухани жаңғыру» бағытында өңірде және ЖОО-да атқарылып жатқан жұмыстар туралы толыққанды мағлұматтар берілді. Іс-шара қорытындысында ОҚМПУ-да атқарылып жатқан жұмыстар тәжірибесін басқа ЖОО бөлісу және еліміздің ертеңі саналатын барлық ЖОО студенттерінің бірлескен іс-шараларға атсалысуы мен ғылыми жобаларға қатысуы керектігінің маңызына байланысты тоқтамдарға келді.