ОҚМПУ студенттері Түркияда

        Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында бір семестр бойы білім алуға Түркияның астанасы Анкара қаласында орналасқан Гази университетіне аттанған ОҚМПУ студенттері күзгі семестрді бастап кетті.

          Гази университеті – Түркияның алдыңғы қатарлы мемлекеттік жоғары оқу орны, ОҚМПУ-дың көптеген жобаларды бірлесе атқарып жүрген сенімді серіктесі. Тарихы тереңде жатқан білім ордасы 1926 жылы Мұстафа Кемал Ататүріктің бастамасымен мұғалімдер дайындайтын институт ретінде ашылған. Бүгінде жоғары білім беру мен ғылым саласының үздігіне айналған университет – 25 факультетте білім алып, 18 ғылыми орталықта зерттеумен айналысатын 50 мыңнан астам білім алушыны біріктіретін іргелі шаңырақ.

          Білім алушыларымыз Гази университетінде үздік ғалым-профессорлардан дәріс алып, шетелдік студенттермен тәжірибе алмасатын болады. Студенттерге ОҚМПУ-да алған білімдерін одан әрі шыңдап, күзгі семестрді сәтті аяқтап келуді тілейміз!