Студенттік арнау-2022

         Студенттік өмір! Талай тағдырды тоғыстырған, талай жасты табыстырған балғын шақ! Адамзат ғұмырының қайталанбас бал даурені! Оқу жылының басында бірін-бірі танымай «өзінше» бір «әлем» болып жүрген жандарды уақыт өте айнымас досқа айналдырар белес! Ата-ананың жанынан алғаш рет ұзап, аядай ғана ауылдың үмітін арқалап арман қуып, білім іздеп келгенде, бір үзім нанды бөлісіп жеумен өткен қызығы мен шыжығы қатар жүрер уақыт!

      Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «1-курс Студенттеріне Арнау кеші» өтті. 2022-2023 оқу жылына қабылданған білімгерлерді университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева студент қатарына қосылуларымен құттықтап, жарқын болашақтарына сәттілік тіледі.

          Сахна төрінде "Тұмар" би ансамблі, арнайы қонақтар "Nomad" триосы мен өнерлі студенттер көк байрақты желбірете ән шырқап, би биледі. Концерт соңы жастарға арналған би кеші мен отшашу шоуға ұласты.