Ақынмен сырласу

27.12.18

                       

Ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ханбибі Есенқарақызының 10 томдық шығармалар жинағы жарық көрді.  Тұсаукесер ақынның білім алып, түлеп  шыққан білім ордасы - ОҚМПУ-да ұйымдастырылды. Шығармалар жинағына Ханбибі Есенқарақызының лиризмге толы нәзік те астарлы оймен өрілген жырларымен қоса прозалық еңбекетері, эссе жанрындағы жазбалары енген. Сондай-ақ оның Алаш қайраткерлерінің қаламгерлік мұрасын жинақтау, оны көпке жария ету жолындағы еңбектері де бар.