ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР ОҚМПУ-ДА

 

Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева университет білім алушыларына дәріс-семинарлар жүргізу, оқытушы-профессорлар құрамына семинар-тренингтер өткізу мақсатында шетелден шақырылған профессорларды қабылдады.

Германиядағы Дрезден техникалық университетінен шақырылған профессор, филология ғылымдарының докторы, славян тілдері бойынша лингвист Хольгер Куссе Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының білім алушыларына дәріс-семинарлар жүргізсе, Түркиядағы Сакарья университетінен шақырылған профессор, физика ғылымдарының докторы Али Чорух өз білімі мен тәжірибесін Физика кафедрасының студенттерімен бөлісуде.

Ғалымдардың ОҚМПУ-дағы жұмысы бір айға жоспарланған. Осы мерзім ішінде олар білім алушылармен, оқытушылармен бірлесе ғылыми зерттеулермен де айналысатын болады.