Цифрландыру және оқу процесін ақпараттық сүйемелдеу бөлімі

Каликулов Нуржан Есенбекович

Цифрландыру және оқу процесін ақпараттық сүйемелдеу бөлімінің басшысы

1 Жалпы ережелер

1.1 Цифрландыру және оқу процесін ақпараттық сүйемелдеу бөлімі 2020 жылдың 1 қыркүйектен бастап өз қызметін жүзеге асырады.

1.2 Цифрландыру және оқу процесін ақпараттық сүйемелдеу бөлімі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің (ары қарай ОҚМПУ) Ғылыми Кеңесінің шешімі негізінде университет ректоры бұйрығымен құрылады, қайта құрылады және жойылады.

1.3 Цифрландыру және оқу процесін ақпараттық сүйемелдеу бөлімі ғылыми істер және инновациялар жөніндегі проректорға бағынады.

1.4 Цифрландыру және оқу процесін ақпараттық сүйемелдеу бөлімі штатын университет ректоры бекітеді.

1.5 Цифрландыру және оқу процесін ақпараттық сүйемелдеу бөлімі өз қызметін ғылыми істер және инновациялар жөніндегі проректормен бекітілген жылдық жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырады. 

1.6 Цифрландыру және оқу процесін ақпараттық сүйемелдеу бөлімі өз қызметінде қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Ақпараттандыру туралы»,  «Тіл туралы»  Заңдарын, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ақпараттық технология жайлы нормативтік-құқықтық актілерін;  еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын, білім беру және сапа саласындағы мемлекеттік стандарттарды, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік және әдістемелік құжаттарын, университеттің Ғылыми кеңесі шешімдерін, университет басшылығының ұйымдастырушылық-басқарушылық құжаттарын, университет Жарғысын, ОҚМПУ сапа менеджменті жүйесі құжаттарын және осы ережені басшылыққа алады. 

2 Цифрландыру және оқу процесін ақпараттық сүйемелдеу бөлімі міндетті:

  2.1 ОҚМПУ сапа саласындағы саясаты мен мақсатын жүзеге асыру;

  2.2 Цифрландыру және оқу процесін ақпараттық сүйемелдеу бөлімі сапа менеджменті жүйесіндегі (ары қарай СМЖ) құжаттарын әзірлеу, жүргізу және ендіру;

  2.3 мәліметтер қорындағы және оқу процесіне тиісті ақпараттардың  жойылып немесе таратылып  кетуіне жол бермеу;

                               2.4 жоғары оқу орындарының инновациялық және цифрландыру тәжірибелерін зерделеу.

3 Қызметтерi

3.1 Цифрландыру және оқу процесін ақпараттық сүйемелдеу бөлімі әрдайым оқу процесiне қажеттi жаңа программалық қамтамасыздандыруларды ендiреді;  

3.2 Видеостудия бойынша жұмыстарды толығымен атқарады;