ҚЫЗЫҚТЫ КӨҢІЛ - СТУДЕНТТІК ӨМІР

        Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Тарих және педагогика факультетінің белсенді топ студенттері білімгерлерді 17-қараша - Халықаралық студенттер күні мерекесімен құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

       Іс-шара барысында ОҚМПУ ректоры Гүлжан Сүгірбаева Тарих және педагогика факультетінің білімгерлерін Халықаралық студенттер күнімен құттықтады. Университет басшысы университетіміздің 1982 жылғы түлегі ретінде білімгерлермен қызықты естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар ОҚМПУ жанашыры, кәсіпкер азамат (есімі өз өтініші бойынша жарияланбады) тарапынан берілген қаржылай сыйақыны оқу және тәрбие істерінде белсенділігімен ерекшеленіп жүрген 6 студентке табыстап, білімгерлерге оқуда озат болып, шығармашылық ізденістерінің толастамауын тіледі.

          Факультет деканы Г.Б.Таутаева факультетішілік іс-шараларда топ жарып жүрген студенттерді жүлделі орындарымен құттықтай отырып, дипломдар мен алғыс хаттар табыстады.

         Мерекелік сағаттың мазмұнын келтірген күмбірлеген күй мен әсем әуен, жастар арасындағы қызықты ойындар, студенттер күніне арналған безендірулер атаулы күнді тағы да бір ерекшелендірді.