ЖАСТАР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ САҚШЫСЫ КЕЛДІ

         Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне жастар құқығының сақшысы келді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі – студенттік омбудсмен Айсұлу Ерниязова студенттермен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады.  Студенттік омбудсмен белсенді студенттерді 17-қараша студенттер күнімен құттықтай отыра, арнайы алғыс хатпен марапаттады.  ОҚМПУ ректоры Гүлжан Сүгірбаева құрметті қонақты оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстырып, жетістіктерімен бөлісті.