ОҚМПУ ректоры студентті жеңісімен құттықтады

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева Тарих және педагогика факультеті, Арнайы педагогика маманын даярлау білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Зиадахон Нуриддинованы жеңісімен құттықтады.

Зиадахон Астана қаласында өткен дойбыдан көру қабілеті зақымданған жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында ІІ орын алған болатын.