ОҚМПУ-да ТҮРКИЯЛЫҚ ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛАДЫ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне Түркия Республикасынан делегация келді. Университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева оқу ордасының ұжымымен бірге Гази университетінің ректоры Мұса Йылдыз бен Анкара университетінің ректоры Неждет Үнүвар мырзаны құрметпен күтіп алды.

Бұл жолғы кездесуде білім алушылар мен ұстаздардың академиялық ұтқырлығын жандандыру, ғылыми-практикалық тәжірибе алмасу жұмыстары үшін екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылмақ. Және Шымкент қаласының білімге құштар жастары үшін Гази университетінің филиалын ашу жоспарлануда.

Жиын барысында ОҚМПУ-дың ректоры Гүлжан Сүгірбаева Анкара университетінің ректоры Неждет Үнүвар мырзаға «ОҚМПУ құрметті профессоры» атағын табыстады.

Мұнан соң құрметті қонақтар педагогикалық университеттің материалдық-техникалық базасымен, оқу ғимараттарымен танысты. «Студенттер аллеясына» ағаштар егіп, естелікке суретке түсті.