ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЛАР КҮРМЕУЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУГЕ СЕПТЕСЕДІ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаеваның әр айдың соңғы бейсенбісінде «қоғамдық қабылдау» бойынша білімгерлердің сұрақтарына жауап беру үрдіске айналды.

Білім алушылардың негізді өтініштерінің туындау себептерін жою мақсатында басшылық тарапынан студенттермен байланысты арттыру және барынша ашықтықты қамтамасыз ету бағытында қарқынды шаралар қабылданып келеді.

Қоғамдық қабылдауда ректормен қатар әлеуметтік және тәрбие істері проректоры және оқу-тәрбие мамандары студенттердің өтініштеріне объективті, мейірбан қарым-қатынас жасай отырып, әрбір өтініштің мәнін мұқият талқылауға, шешімін тез арада табуға тырысады.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық қабылдау әр айдың соңғы бейсенбісі сағат 15:00-де А.Байтұрсынов көшесі 13, Студенттер үйі, COWORKING орталығында өтеді.

Алдын-ала сұрақтарды qogamdyk_qabyldau@okmpu.kz поштасына жіберуге болады.